Онлайн санақтан өткен қазақстандықтар саны миллионнан асты

Қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өту үшін бірнеше платформа қарастырылған: sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасы. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін санақ бұрыштары ұйымдастырылды.
«Аумақтық статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Казпочта филиалдары және ірі сауда орталықтарында санақ бұрышы қарастырылған. Ол жерде респонденттерге санақтан онлайн режимде өтуге біздің консультанттар көмек беруде»,- деп атап өтті бюро басшысы.
Ұлттық статистика бюросы азаматтарды онлайн санақтан өтуге шақырды: sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.