Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық дәрігерлер босаңсуға әлі ерте екенін айтты

Қызылордалық дәрігерлер босаңсуға әлі ерте екенін айтты

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Өңірлер бойынша Қызылорда облысы сары аймақта. Дегенмен босаңсуға әлі ерте дейді дәрігерлер. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сала мамандары тұрғындарды екпе алып, індеттен сақ болуға шақырды.

«Әлі күнге дейін вакцинаның күшіне сенбейтін азаматтар арамызда бар. Екпеден бөлек, әр азамат күнделікті сақтық шараларын ұстанып жүру маңызды. Сындарлы кезеңнен ауызбіршілікпен, тәртіпке бағыну арқылы өтеміз. Сондықтан барлық жерлестерімді вакцина қабылдап, мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырамын. Өзімізге және жақынымызға жанашыр болайық», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға психологы Әсел Абдеш.

Брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Абылай Пазылханов та өз пікірімен бөлісті.«Қазір коронавирус індетімен күрес мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Аймағымызда кеселді дертке шалдыққандардың саны 17 мыңнан асып жығылады. Оның ішінде 16 мыңға жуығы ақ халаттылардың қажырлы еңбегінің арқасында дертінен айығып, жақындарының жанына оралды. Ендігі жерде бұл жұмыстарды үдетіп, тездетіп ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына септігімізді тигізуіміз керек», – деді дәрігер.

Өз кезегінде №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова «Коронавирус инфекциясымен күресіп келе жатқанымызға бір жылдан аса уақыт өтті. Бұл дертпен күресу оңай болып жатқан жоқ», – деді.
Айта кетейік, қазір аймақтағы емдеу мекемелерінің басым көпшілігі инфекциялық стационарларда жұмыс істеп жатыр. Соңғы үлгідегі, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған модульдық аурухана да ел игілігіне пайдалануға беріліп, науқастарды қабылдауда.
17 қыркүйек 2021 ж. 217 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031