Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан емдеу қанша уақытқа созылады

Коронавирустан емдеу қанша уақытқа созылады

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова коронавирусқа шалдыққан науқастың еміне қанша уақыт кететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, кей жағдайда науқасты емдеу бір айға дейін созылуы мүмкін.
"Әдетте, науқастар 10-14 күн емделеді, бірақ жағдайы ауыр болса бір айға дейін созылуы мүмкін. Шілде айында бізде короновирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. "Дельта" штаммының клиникалық көрсеткіші мүлдем басқа. Егер біз наурыз айында ауырған науқастар мен қазіргі науқастарды салыстыратын болсақ, онда "дельтаның" ауыр және ұзаққа созылатынын көреміз. Орташа ауырлықтағы науқастар шамамен 14 күн емделеді, бірақ ұзақ емделетін пациенттер де бар", – дейді дәрігер.

Бұған қоса, алматылық дәрігер ауруханадан шыққан науқас14 күн каранитин режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып және үнемі дәрігермен байланыста болуы керектігін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда коронавирустық ауруханалар жабылып жатқаны айтылған еді.
10 қыркүйек 2021 ж. 353 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930