Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандық көп әлемде, маңыздысы бір бөлек...

Мамандық көп әлемде, маңыздысы бір бөлек...

«Құлақ тазалағыш» мамандығы Қытайда кең тараған. Біздің көз үйренген қызмет көрсету нарығындағы сатушы секілді қытайлықтар үшін құлақ тазалаушылық әдеттегі сервистік саланың бірі, ерекше мамандықтың қатарына жатпайды. Сарапшылардың пікірінше, құлақты тазарту дененің жалпы денсаулығына ықпал етумен қатар жағымды әсер сыйлайды.
«Аралды бақылаушы» мамандығы осыдан он шақты жыл бұрын 35 мың адам қатысқан «Әлемдегі ең жақсы жұмыс» байқауында бас жүлдеге лайық болып, Бен Саусхол есімді азамат көптің көзіне ілікті. Қазір Бен жұмақ мекен саналатын Гамильтон аралында қымбат виллада тұрады және сол үшін айына 20 000 АҚШ долларын алады. Оның міндеттеріне тасбақаларды тамақтандыру, маржан рифтерін қадағалау және туристерді қызықтыру үшін жергілікті аралдың табиғаты туралы блог жүргізу кіреді. Мұндай жұмысқа орналасатын адамнан ең алдымен шығармашылық мінез-құлық талап етіледі.
Жан-жануарлар әлемін сүйетіндер үшін «пингвин аударушы» мамандығы ерекше ләззат сыйлайтыны анық. Олар ғаламдағы ең суық материк Антарктидада жұмыс істейді. Аспандағы ұшақтарға қараған күйі шалқасынан құлайтын пингвиндер өздігінен орнынан тұра алмайды. Құлап қалған жерінде өліп қалуы да мүмкін. Бұл мамандық ерекшелігімен ғана емес, тіршілік иесіне пайдалы болуымен де ұнамды.
Қытайлықтар өз эмоциясын барынша жасыруға тырысқанымен, жергілікті дәстүрлерге құрметпен қарайды. Мәселен жерлеу рәсімінде марқұмның туыстары жыламайды. Осы мақсатта арнайы «көз жасын сатушылар» жалданады. Олар табиғи түрде жылаудың үлгісін көрсетіп, өз рөлін сомдайды. Қытайлық Джин Гуйхуаның ешқандай жоғары білімі жоқ. Бірақ 20 жылдан астам уақыт бойы жалданып жылап күнін көріп жүрген ол бір ғана жерлеу рәсімі үшін 20 доллар алатын көрінеді.
«Кереует жылытушы» мамандығы алғаш Лондон мен Манчестер қонақүй желілерінде пайда болған. Ерекше мамандық иелері номерге ұйықтауға келе жатқан қонақтың кереуетіне жатады да, төсекті алдын ала жылытып береді. Оның пайда болуына Эдинбург ұйқы орталығының зерттеулері себеп болды. Сарапшылардың айтуынша, суық төсек адамның жақсы ұйықтауына кедергі келтіреді, ал жылы жерде адам толыққанды демалады.
Қыздардың арасында достық ұзаққа бармайды деген стереотип бар. Әсіресе, тұрмыс құратын кезеңге өткен арудың құрбылары азайып қалуы немесе мүлде құрбысыз қалуы ғажап емес. Осындай қиын сәтте кәсіби «қалыңдықтың қыз жолдасы» боп жұмыс істейтіндер көмекке келеді. Мұндай маман болашақ келіншекке үйлену тойына дайындалуға, мерекені ұйымдастыруға көмектеседі және тойға белсенді түрде қатысады.
«Сананы тұрмыс билеген» ғасырда адамдар бір-бірінің көңілін сұрап, хәлін білуден қалған. Тіпті, қиын сәтте қолдау күтетін жақыны жоқтар жастығын құшақтап жалғыз қалуы мүмкін. «Құшақтаушы» мамандарға деген сұраныстың көптігі осының дәлелі болса керек. Мұндай маман клиентке адамның жылы құшағы мен қолдауы қажет болған кезде көмекке келеді. Ең сорақысы «құшақтаушыны» құшақтайтын жақыны болмауы мүмкін.
Үрген иттің «тілін» білуші, «дауысын» танушы мамандар да сұранысқа ие. Ерекше мамандық Швецияда үй жануарларына салынатын салықтың арқасында танымал. Яғни, мұнда иттің көшеде үруіне тыйым салынған. Ол үшін қожайындары айыппұл да төлейді. Әрине, адамдар бұл үшін шығынданғысы келмейді. Сондықтан дәл осы тұста иттердің детективтері көмекке келмек.
Айта кету керек, Швецияда «Үздік ит детективі» атағын Эльфрид Карлсон есімді жігіт алған. 20 түрлі тәсілмен үре алатын жігітке көшедегі иттердің 95 проценті қарсы жауап беретін болған. Эльфрид жауап арқылы иттің жасы мен тұқымын анықтайды және оның не үшін үргенін, не айтқысы келгенін түсіне алады.
Көпшілік үшін қоғамдық орындарда әжетхананы табу кейде нағыз азапқа айналады. Әсіресе, саяхат жасаушылар үшін басты қиындықтың бірі. Алайда Жапонияға барған шетелдікке бұл жағынан қиындық туындамайды. Себебі, ол елде арнайы «әжетхана нұсқаушысы» бар. Тіпті, олардың еңбек кітапшаларында «әжетхана гиді» мамандығы деп көрсетіледі екен.
Ғажайып ертегінің үзіндісі секілді көрінуі мүмкін, бірақ АҚШ-тың Чикаго қаласынан арманыңызды ақшаға сатып ала аласыз. «Арман сатушы» мамандығымен жүзеге асатын, тілектерді орындайтын компания Чикагода орналасқан. Оның қызметінің құны 150 000 доллардан басталады. Дегенмен ешбір әлеуметтік желіде мұндай компания туралы әлі ресми ақпарат жоқ.
Мүлде туысқаны жоқ адамдардың отбасылық мереке ұйымдастыратын сәті келгенде, қонаққа шақыратын жақыны болмайды. Сол үшін арнайы қызмет – «жалған туыстың» көмегіне жүгінеді. Аталған қызметкерлер тума-туыстың рөлін сомдауға барын салады. Мәселен, 2018 жылдың мамыр айында Қытайда күйеу жігіт қалыңдығына ­ескертпестен өзінің үйлену тойына 200 жалған туысын жалдаған. Сыйақы ретінде ол әрқайсысына 80 юань берген екен.
Жыл сайын сұранысқа сай қызмет түрлері жанданады. Дегенмен, жоғарыда аталған мамандықтардан адами қарым-қатынастың, қолдаудың кеміп кеткенін байқаймыз. Ең қорқыныштысы, «махаббатты» сатып алатын күнге жақындап барамыз.
Дина БӨКЕБАЙ
07 қыркүйек 2021 ж. 479 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930