Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиланд билігі Пхукет аралын оқшаулады

Таиланд билігі Пхукет аралын оқшаулады

Таиланд билігі Пхукет аралында елге кіруге рұқсат етілген вакцина салдырған туристерді патшалықтың басқа тұрғындарынан және мемлекеттің басқа провинцияларында тұратын экспаттардан оқшаулады. Бұл туралы РИА Новости жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Таиланд СІМ өкілі басқа провинциялардан келген азаматтар үшін Пхукетке кіруге тыйым 3-16 тамыз аралығында сақталатынын айтты. "Пхукет құмсалғышы" бағдарламасы аясында курортқа келген вакцина салдырған туристер аралға кедергісіз кіре алады.

Алайда, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне, медициналық жүктерді, азық-түлік пен қажетті заттарды тасымалдайтын адамдарға, қызметтік міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Пхукет халықаралық әуежайынан шетелге ұшатын азаматтарға ерекше жағдай жасалды. Осы санаттағы адамдар үшін аралға кіру вакциналау сертификаты мен ПТР-тестінің нәтижесі үш күннен аспайтын мерзімде ұсынылған кезде ғана рұқсат етіледі.

Мұндай шаралар бүкіл ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың көбеюіне байланысты қабылданды. Пхукетте халықтың 70 пайызы вакцина салдырған, бірақ жақында ауру жағдайлары жиілеп кетті - туристік бағдарламаны қауіп-қатерге ұшыратпау үшін Таиланд билігі аралды оқшаулау туралы шешім шығарды.







04 тамыз 2021 ж. 922 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 120

Руханият шырақшысы

06 қаңтар 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031