Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азық-түлік бағасына кім жауапты?

Қазақстанда азық-түлік бағасына кім жауапты?

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуіне жауапты адам қалай анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл тармақты іске асыру үшін, Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және басқа да мүдделі органдармен бірге бір ай ішінде Сауда министрлігіне баға белгілеу мен таратуды үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның функцияларын беру туралы ұсыныстар енгізеді", - деді Қазанбаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бір айдың ішінде салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламенті әзірленеді.
"Біздің мақсатымыз - азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингілеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъюнктурасы мен бағалардың өзгеруіне дер кезінде және жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деді вице-министр.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында шенеуніктерді бағаның көтерілуіне байланысты сынға алған болатын.
"Сондай-ақ, өндірушіден тізбек бойынша бағаны бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қазір бұл жұмысқа бірнеше бөлім жауап береді. Бағаның өзгерісінен кейін олар мұқият талдау мен тиімді шаралар қабылдаудың орнына, бір-біріне сілтей бастайды", - деді ол.

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бірыңғай бақылау бойынша негізгі жауапты мемлекеттік органды анықтауды тапсырды.
02 қыркүйек 2021 ж. 732 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031