Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарекетте берекет бар

Қарекетте берекет бар

Егінші жылда арманда. Жыл ­сайын көктемде жерге тұқым сеуіп, оны кәсіп еткен аграрлы аудандағы ауылшаруашылығы саласы мамандарының биылғы беталысы мүлдем басқа бағытта өрбіді. Кездескен қиындық көп. Алайда тосқауылға тойтарыс беріп, тұрғындарды азық-түлік, мал шаруашылығын жем-шөппен қамтуда өздеріндегі мүмкіндіктерін жұмылдыруда.

Судың сұрауы
Жақында ауылшаруашылығы министрлігі осы жылғы астық түсімі туралы болжамында көрсеткіш өткен жылдан төмен болады деп күтілгендігі туралы жеткізген болатын. Мән-жайға маңыз берсек, еліміздегі барлық астық өсіретін өңірлердегі жағдайдың күрделілігі себеп. Егін егуде басты қажеттіліктің бірі су жайының шешімін табуы. Биыл бұл бағытта түрлі ­проблемалар туындады. Жаздағы дәнді-дақылдардың балауыз болып пісу мерзімінде топырақтың ылғалдану жағдайы, жылу жинау деңгейі жетімсіздігін байқатқан.
Экологиялық қиындық жауын-шашынның аз көлемде түсуі басты фактор болды. Сондай-ақ Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты байыпты байлам жасау да оңайға соққан жоқ. Бұл орайда жергілікті көлдердің тартылуы да одан әрі күрделендіре түсті. Техника ғылымдарының докторы Әуелбек Зәуірбектің айтуынша, 1909-1960 жылы су ресурсы 115 миллиард болған. Ал оның күрт азаюына ғалымның пікірінше, эконономика саласына шетелдермен байланыстың күшеюі де кедергісін келтірген әрі өзендермен келетін су ресурстары азайған.
Осы жылы бұрын-соңды болмаған Сырдария өзені көлемінің азабына трансшекаралық аймақтардың өзендерін ортақ пайдаланудағы шарт талаптарының дұрыс орындалмауынан да туындап отыр. Мұндай экологиялық апат экономикалық шығынға өз әсерін тигізеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суғаруға бекітілген 4 млрд текше метрлік лимиттен шаруалар биылғы жылы 100 миллионға жуық суды кем алған.
Аралға жақын орналасқан Қазалы ауданында экологиялық зардап әсерінен топырақ тұздылығы егіс көлеміне келетін судың көп бөлігін жарамсыз етеді. 35 проценті қатты, 65 проценті орташа тұзданған алқаптағы суғаруға негізделген судың негізігі бөлігі эрозия күшейген топырақ тұздылығына шығындалады. Бұл орайда шығынды азайтып, тұзды шаюдың оң жүйесі қамтылған жаңа спринтерлік жүйені қолданысқа енгізген «Рза-Агро» ЖШС нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген. Алайда мұндай мүмкіндік барлық шаруа қожалығына қолжетімді емес.
Құрғақшылық пен су тапшылығына байланысты аудандағы межеленген егіс көлемі 595 гектарға кем орындалған.
Дақылдарды вегетация кезінде тұрақты түрде суармалы сумен қамтамасыз етуге 352,63 текше метр келісім алынса, Қазалы су торабына секундына 30 текше метр су келіп, оның Оң жаға арнасына 10 текше метр, Сол жаға арнасына 14 текше метр су босатылған. Яғни Сырдария өзенінің төменгі ағысына 6,0 текше метр су жіберілген.

Қиындықтан құтқарар жол қандай?
Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазалы ауданы ­бойынша 2021 жылы егін шоғырландырылған 17 685 га жердің 17 090 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары орналасқан. Олардың 6587 гектарын күріш, 230 гектарын жаздық бидай, 30 гектарын тары, 15 гектарын күнбағыс, 300 гектарын картоп, 900 гектарын көкөніс, 1050 гектарын бақша, 2648 гектарын жаңа жоңышқа, 4690 гектарын ескі жоңышқа, 600 гектарын сүрлемдік жүгері құрауда.
Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 4408 тонна минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 4967 литр пестицид сатып алынған.
Тұқымда да тосқауыл жоқ. Шаруашылықтар осы жылдың егісіне 1809 тонна күріш, 39 тонна жаздық бидай, 0,8 тонна мақсары, 28 тонна жоңышқа және 11,5 тонна жүгері дақылы тұқымдарын пайдаланған. Күріш тұқымы сұрыптарын жаңарту мақсатында барлығы 945 тонна элита тұқымын сатып алған. Бұл барлық пайдаланған күріш тұқымының 52,2 процентін құраған.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 338 дана ауыл шаруашылығы техникасы қамтылған. Олардың қатары соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаулардың арқасында жаңарған.
Жаздық бидай 340 гектар, мақсары дақылы 70 гектар, сүрлемдік жүгері 135 гектар және күріш дақылы 50 гектарды құрауда. Сонымен қатар, күтімге алынған 600 гектар сүрлемдік жүгері дақылы 2 рет культивация жасалып, үстеп қоректендірілген.
Мемлекет тарапынан дала жұмыстары үшін барлығы 1070 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.

Қимылдыған құр қалмайды
Мәліметтерге сәйкес, егілген 6587 гектар күріш дақылының 58,2 проценті (3831 гектар) жақсы, 34,3 проценті (2260 гектар) орта, 7,3 проценті (479 гектар) қанағаттанарлық және 0,26 проценті (17 гектар) өлген деп бағалануда. Күріш дақылының 1824 гектар (28,3 проценті) гүлдеу, 3951 га (59,4 проценті) сүтті пісу және 812 гектар (12,3 проценті) балауыз пісу фазасында.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбайдың айтуынша, күріштің суын байлау жұмыстары тамыз айының 6 жұлдызынан басталып жүзеге асырылмақ. Қазіргі сәтте ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 3607 гектар күріштіктің 54,7 проценті сағасы толық байланған. Олардың қатарындағы «Агро Өркен» ЖШС 700 гектар, «Рза Агро» ЖШС 1180 гектар, «Сыр маржаны» ЖШС 1177 гектар, «Ақмаржан» ШҚ 450, «Мерей» ШҚ 100 гектарды көрсетуде. Күрішке алғашқы орақ салу жұмыстары ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап жоспарланған.
Ораққа түсетін 2430 гектар ескі жоңышқа дақылының екі орымы толық аяқталған. 5827 тонна жоңышқа шөбі дайындалған. 2648 гектар жаңа жоңышқа дақылының 1443 гектар ораққа түсіп 721 тонна жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 5,0 центнер айналған. «Рза Агро» ЖШС бойынша ескі жоңышқа дақылының 3 орымын жинау жұмыстарын жүргізуде.
Биылғы жылы егілген 230 гектар жаздық бидай дақылының 104 гектар жиылып, барлығы 43 тонна өнімге қол жеткізген. Орта өнім 4,1 цн/га-ны құраса, 126 гектары құрғақшылық салдарынан жарамсыз болған.
Көкөніс дақылының 12,4 проценті яғни 112 гектар бақша дақылының 9,7 проценті – 102 гектар теріліп үлгерілген.
Мал азығын дайындау да күн тәртібінен түспей тұрған, бүгінгі маңызы мәселеге айналуда. Бұл тұрғыда 23,1 мың тонна шөп дайындалған. Оның ішінде 3,0 мың тонна жоңышқа сырттан сатып алынған.
Күннің кеш жылуы, судың мерзімінен кеш босатылуына орай, жаппай жинау кезеңі жылдағыдан өз уақытынан кейін орындалмақшы. Соған қарамай жауапты науқанды абыройлы атқаруға барлық күш-жігер салынуда.
Осындай сындарлы сәт, көлемді кедергілерге қарамай, егілген егіннен жиылатын аталған көлемнің ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге қауқарлылығы көңіл сүйсінтеді.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
17 тамыз 2021 ж. 561 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930