Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова өңір жұртшылығына үндеу жолдады

Гүлшара Әбдіқалықова өңір жұртшылығына үндеу жолдады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус жағдайының күрделенуіне байланысты өңір жұртшылығына үндеу жолдады.

Өңір басшысы өз үндеуінде: «қазіргі таңда елімізде коронавирус індеті өршіп тұрғанын білесіздер. Вирустың таралу деңгейі бойынша әлі «қызыл аймақтан» шыға алмай отырмыз. Соңғы 10 күнде осы індетпен ауырғандар саны 2 мыңнан асып барады. Осы жағдайды ескеріп, өңірде инфекциялық төсек-орын санын 4 есеге дейін ұлғайттық. Бүгін медициналық мекемелердің індеттің одан әрі таралуына әзірлігін пысықтау үшін модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барып, реанимацияда жатқан науқастардың жағдайымен таныстым», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, Үкіметтің қолдауымен 200 төсектік модульді стационар осы аптадан бастап ауруларды қабылдауда. Вирус жұқтырған азаматтардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Науқастарға қажетті дәрі-дәрімек толық жеткілікті, мамандардың жұмыс режимі жолға қойылған. «Десек те, бұл індетпен ауырмаудың жолы – өз қолымызда. Көпшілік адамдар жиналатын шараларды, жиын-тойларды әзірге қоя тұрған дұрыс. Біз әсіресе, балаларымызды індеттен сақтауға міндеттіміз. Вирустың жаңа штамдары күннен күнге көбеюде. Кеше ғана АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Йота» жаңа штамы пайда болды. Бұл бізден індеттен сақтану шараларын қатаң ұстануымызды талап етеді. Балаларымыздың қауіпсіздігі, жақындарымыздың амандығы үшін карантин талаптарын сақтай отырып, екпе алуларыңызды сұраймын», – деді облыс әкімі өз үндеуінде.
13 тамыз 2021 ж. 395 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 85

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 128

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031