Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кісі еңбегін елемеу – қиянат

Кісі еңбегін елемеу – қиянат

«Қызыл аймақтың» құрсауынан шыға алмай отырған өңір адамдары үшін әр тиын есепте. Жан бағып отырған жалақылары уақтылы қолдарына тимегеннен кейін орынды өкпе-наздың туындай беретіні бар.
Жыл басынан бері облыс­тағы 65 кәсіпорын өз жұ­мыс­шыларына тиісті ең­бек­­ақыларын уақтылы төле­меген. Осындай жауап­сыз­дық­тың салдарынан 300-ге жуық адамға 83 млн теңге төңірегінде жалақы қарызы жинақталып қалған. Еңбек шарт­тарының мұндай өрескел бұзылу деректері соңғы кезде көп орын алып отыр.
– Жұмысшылардың құ­қы­ғын қорғауға бағыт­тал­ған нақтылы іс-шаралардың нә­ти­жесінде қордаланып қал­ған еңбекақы төленді. 65 заң­ды тұлғаға 6,2 млн теңге айып­пұл салынды. Бұл арада қарызы тым көп кәсіпорындар да бар. Мәселен, Ерейментау ауданындағы банкротқа ұшы­ра­ған «Металлон» серік­тес­тігі 13 жұмысшысына 23,9 млн теңге берешек болған, – дейді Yntymaq салалық кәсіподағы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Жұпынов.
Мамандардың айтуына қарағанда, мәселенің былай өрбуіне шалғайдағы шағын ауылдарда жұмыс орнының аз болуы әсер етеді екен. Айталық, жұмыс беруші жұ­мысшыны кез келген талабына көндіре алады. Өйткені шығарып жіберсе, басқа барар жері жоқ. Амал жоқ, жа­ла­қысы уақтылы қолына тимесе де, өзіне тапсырылған істі атқаруға мәжбүр.
Жұмыс берушілер қазір эко­но­микалық дағдарыс орын алып отыр деген желеуді үнемі алға тартады. Дәл осындай себеппен бұрын жасалған келісімшарттарды бұзып, өз ыңғайына қарай өзгертулері де жиі. Ал жұмысшылар болса, әбден көңілі қалған соң өңірден көшіп кетуге мәжбүр. Айналып келген кесірі кадр жетіспеушілігіне немесе өндіріс жұмысының іркілуіне әкеліп тірейді.
Мемлекет дамуының ал­ғы­шарты алдымен адами ка­пи­талда екені әлмисақтан бел­­гілі. Адами капиталды д­а­мытуға қаржы бөлмек тү­гі­лі жұмысын адал атқарған жұ­мысшының табан ақы, маң­дай терінің өтелмеуі өкінішті. Түптеп келгенде, кісі еңбегіне қиянат жасау көрінісі азаймай тұр.
03 тамыз 2021 ж. 243 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031