Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептер ашылса — форма тапшылығы болмай ма?

Мектептер ашылса — форма тапшылығы болмай ма?

 Жаңа оқу жылына бір ай уақыт қалды. Қоймаларда мектеп формасының 500 мың комплекті сақтаулы тұр.Алайда Білім және ғылым министрлігі биыл мектептер қандай форматта жұмыс істейтінін әлі нақтыламады. Шешімді республиканың бас санитар дәрігері қабылдауы тиіс. Бұл туралы Orda.kz 31-арнаға сілтеме жасап хабарлады.

Пандемия басталып, оқушылардың қашықтан білім алуы мектеп формасын тігетін кәсіпорындарды шығынға батыруда. Қазақстанда мектеп формасын тігумен айналысатын 50 фабрика 9 миллиард теңге шығынға батып, 5 мың жұмысшыны қысқартуға мәжбүр болған

— Жеңіл өнеркәсіпті пандемия кезінде зардап шеккен салалардың қатарына қосу керек деп былтырдан бері Ұлттық экономика, Индустрия министрлігі, тіпті Сенатқа дейін жеткізіп келеміз. Бұл тізімге кеңес беретін орталықтар да ілігіпті. Біз ресейдегідей барлық салық түрін алып тастасын демейміз, тым құрығанда кейінге шегеруді сұраймыз, – дейді ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова.

Қазір кәсіпорын иелерінің көбі басқа киім-кешек түрлерін тігуге көшкен. Форма қажет болған жағдайда қоймада сақталған 500 мың комплект бар екені белгілі болды. Кәсіпкерлер биыл тауар бағасы қымбаттай қоймағанымен, келесі жылы 20 пайызға өсетінін айтты. Себебі, әлем нарығында матаның бағасы 30 пайызға көтеріліп кеткен.
01 тамыз 2021 ж. 562 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930