Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфекционист COVID-19-ды кімдер қайта жұқтыруы мүмкін екенін айтып берді

Инфекционист COVID-19-ды кімдер қайта жұқтыруы мүмкін екенін айтып берді

Созылмалы ауры бар адамдар коронавирустың алдын алу және карантиндік шараларды сақтау шараларын мұқият орындауға тиіс. Ресейлік ғалым кім екінші рет коронавируспен ауырып қалуы мүмкін екенін айтты, деп жазады РИА Новости.

Халықтар достығы университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенскийдің айтуынша, коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайлары көп бола бермейді. Дегенмен, вирустың адам ағзасына қайта түсуінің себептері бар.
"Коронавирусты екінші рет жұқтырған адамдардың саны көп емес. Ондай пациенттердің иммунитеті төмен. Бәлкім, вакциналау кестесі дұрыс сақталмаған шығар, я болмаса, басқа да созылмалы ауруларға шалдыққан", - дейді Вознесенский.
Оның пайымдауынша, бүгінде адамның иммунитеті төтеп бере алмайтындай коронавирустың жаңа бір штаммы шықты деуге болмайды. Барлығы денсаулыққа байланысты.
Айта кетейік, Қазақстанда 600-ге жуық адамның коронавирусты қайта жұқтырғаны ресми түрде расталды. Клиникалық хаттама бойынша вирусты екінші рет жұқтыру жағдайлары жан-жақты тексеріледі. Сондай-ақ аурудың интервалы, созылмалы белгілері және тағы басқа факторлар ескеріледі. Өңірлерде әрбір жағдай консилиумда қаралады.
Әлем бойынша COVID-19-ды екінші рет жұқтыру жағдайлары аз емес. Кейбір зерттеулерге сәйкес, вирусты екінші рет жұқтыратындардың басым бөлігі – 65 жастан асқан адамдар.
25 мамыр 2021 ж. 577 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30