Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар санын жариялады

Министрлік вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар санын жариялады

Екпенің бірінші компонентін алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар саны 2 384 адамға жетті. Олар екінші дозасын алып үлгермеген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинадан кейін коронавируспен ауырып қалғандар санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгінде вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырды. Ал екпенің бірінші компонентін алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны 2 384 адамға жетті. Олар екінші дозасын алып үлгермеген. Дегенмен, ондай адамдар үш айдан кейін вакцинаның екінші компонентін салдыра алады", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелдегі статистиканы мысалға келтірді. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде вакцинадан кейін коронавирус жұқтыру жағдайлары аз емес. Алайда адамдардың көбісі екпе салдырғандықтан, өлімнің көрсеткіші Қазақстанға қарағанда төмен болып тұр.

"Мысалы, Ұлыбританияда 60 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал толық вакциналаудан 45 миллион адам өтті. Ол жақта да вакцина салдырған адамдар ауырып жатады. Күніне 48 мың адам вирус жұқтырады. Бірақ қайтыс болғандар саны өте аз. Бір тәулікте 63 адам", - деп атап көрсетті Ғиният.
Оның айтуынша, Израильде халықтың 80 проценті, тіпті, балалар да вакциналаудан өтті. Соның арқасында күніне коронавирустан үш-ақ адам қайтыс болып жатады. Олардың дені – онкологиялық ауруы бар науқастар.
Қазақстанда соңғы бір тәуліктің ішінде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 74 адам қайтыс болған.

24 шілде 2021 ж. 471 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 72

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 66

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930