Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан сақтанған елдердің бірі Олимпиадаға қатысудан бас тартты

Коронавирустан сақтанған елдердің бірі Олимпиадаға қатысудан бас тартты

Гвинея құрамасы коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты деп хабарлайды Gazeta.ru. "COVID-19 дертін жұқтыру көрсеткішінің көбеюіне байланысты үкімет Гвинея спортшыларының денсаулығына алаңдап, Токио ойындарына қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдағанын өкінішпен хабарлайды", - дейді Гвинея құрамасы.

Айта кетсек, 23 шілдеде Жапония астанасы Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін жарысты ұйымдастырушылар спортшылардың қозғалысын қатаң шектеу қойып отыр. Олардың қозғалысы телефондағы қосымшалар арқылы бақыланады. Спортшыларға тек арнайы жалға алынған көлік құралдарымен өзі жайғасқан бөлмесі мен спорттық ғимараттар арасында ғана жүруге рұқсат берілген. Жалпы, 1 шілдеден бастап спортшылар, жеке құрам және делегация мүшелерінің арасында коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелген.
Айта кетсек, бұған дейін елімізде Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін екенін жазған едік. Осыған байланысты Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірген болатын. Одан бөлек, 2032 жылы жазғы Олимпиада ойындарының қайда өтетіні хабарланған болатын. Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметінше, XXXV жазғы Олимпиада ойындары Австралияның Брисбен қаласында өтеді.
22 шілде 2021 ж. 520 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31