Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік кеңесі рейдер-шенеуніктердің жолын кесуді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесі рейдер-шенеуніктердің жолын кесуді тапсырды

Онлайн режимде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Отырысқа ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның және қоғам өкілдері, сондай-ақ алқа мүшелері, Агенттіктің басшы және жеке құрамы, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар департаменттерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің жеке құрамы (бейнеконференцбайланыс арқылы) қатысуда. Отырыс барысында Әсет Исекешев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі өзекті екенін атап өтті. «Ең алдымен пайдакүнем шенеуніктерден қорғау мәселесі әлі де маңызын жойған жоқ. Кәсіпкерлер тарапынан шағым көп. Олар қатаң әкімшілік қысымға ұшырағандарын алға тартады. Әлбетте, бұл ретте жұмысына жауапты кәсіпкер мен заң бұзушы арасындағы мәселені шешу керек. Мемлекет басшылығының өзі бизнесті қорғау мәселесіне ерекше назар аударып отыр», – деді Әсет Исекешев. Әсет Исекешев таяуда ғана Мемлекет басшысының кәсіпкерлерді рейдерліктен қорғау туралы заңға қол қойғанын еске салды. «Көп адамдар (шенеуінктер) өзінің лауазымын пайдаланып, осындай заңбұзушылыққа барады. Осы мәселеге ерекше назар аударуды сұраймын», – деді ол.
09 шілде 2021 ж. 254 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031