COVID-19 вакциналарының екі түрін араластырып салуға бола ма
Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес, вакциналау курсын дәл сол салынған вакцинамен жүргізген дұрыс. Осы жылдың сәуір айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы мәселе бойынша ресми ұстанымдарын білдірген болатын. Оған сәйкес, әртүрлі вакцинаны араластырып салу кестесін біз қазіргі уақытта қолдай алмаймыз. Егер бұл мәселе жөнінде қосымша ақпарат берілсе, біз онда қосымша хабарлаймыз»,– деді вице-министр. Марат Шоранов сонымен қатар қазір Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасы Қазақстанға жеткізілген. Яғни 500 мыңы І компонент, тағы 500 мыңы ІІ компонент. Бүгінге дейін Hayat-Vax вакцинасын Қазақстанда 486 мың қазақстандық салып үлгерген. «Яғни бірінші дозасын бітірдік деп санасақ та болады. Ал ІІ компонентін 327 мың салды. Жалпы вакциналар бар. Бірақ І дозасын алған адамдар өз кестесімен ІІ дозасын ала алады»,– деді ол.