Ғалымдар коронавируспен күрестің жаңа түрін ойлап тапты

Дейтерленген дәрілер деп оттегінің бір немесе бірнеше атомы барынша ауыр изотоп – дейтериймен алмастырылған кішірігім молекула түріндегі дәрілік заттарды айтады.
Зерттеу жүргізушілер бастапқыда мысықтардағы коронавирус инфекциясын емдеу үшін GC376 протеазасының ингибиторын әзірлеген, ол тиімді әрі SARS-CoV-2 қарсы екендігі анықталды. Ғалымдар кейінірек оттегін дейтерийге алмастырып, GC376 түрлендірген және оның SARS-CoV-2 қарсы ықпалын тексереді.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тышқандарды емдеуде оң нәтиже байқалып, вирустың өкпеге таралуы мен салмақ жоғалту азаяды. Нәтиже көрсеткендей, ғалымдар дейтерлеу әдісі COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы өзге де тәсілдермен қатар қолдануға жарамды деп отыр.