Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандар жоғары оқу орнына қалай түсе алады

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандар жоғары оқу орнына қалай түсе алады

Білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған талапкерлер биыл жоғары оқу орнына қалай түсе алатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев егер бала төрт мүмкіндікті пайдаланып, шекті балл жинай алмаса, ол бәрібір де шартты түрде жоғары оқу орнына өзі таңдаған мамандыққа түсе алатынын жеткізді."Алайда ол бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсырып, жоғары оқу орнында оқуға лайықты екенін дәлелдеуге тиіс. Тесті төрт рет тапсыруға болады", - деді департамент басшысы.Бұл оқушыларға бір жылды текке өткізбей, қатарластарымен бірге оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді."Бұл практика 2020 жылдан бері бар. Бірақ олар оқу орнына қабылданғаннан кейін бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсырып, шекті балл жинағанын дәлелдейтін ҰБТ сертификатын көрсетуі қажет. Шартты түрде қабылданған түлектер бұрын ҰБТ-ны бір-ақ рет тапсырса, биылдан бастап жылына төрт рет тестілеуден өте алады", - деді ведомство.Айта кетсек, биыл ҰБТ алғаш рет электронды форматта өтті. Мектеп оқушылары тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік алды.
03 шілде 2021 ж. 785 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930