Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депозиттердің тамыздағы максималды мөлшерлемелері жарияланды

Депозиттердің тамыздағы максималды мөлшерлемелері жарияланды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Өйткені Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9,0 пайыз деңгейінде сақталды.

Еске саламыз, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

12 және 24 айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды.

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, осы депозиттерге тиесілі шекті мөлшерлеме 13,9 пайызға дейін азайды. Алайда аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында әлі де ең жоғары деңгейде болып қала бермек.
01 шілде 2021 ж. 775 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 196

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 196

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930