Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірде эпидахуал тұрақты

Өңірде эпидахуал тұрақты

Соңғы тәулікте аймақта коронавирус инфекциясының 30 жағдайы анықталды. Басым көпшілігі қарым- қатынас арқылы жұққан. Оның ішінде 11-і 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова баяндады.

– Өңірде эпидахуал тұрақты деп бағаланғанымен, Нұр-Сұлтан қаласында «үнділік» штамның болу ықтималдылығы анықталды. «Дельта» коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғары. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Сонымен қатар, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді. Жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі. Індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық профилактикалық шараларды қатаң орындау қажет: маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету, адам көп жиналатын жерлерге бармау, шетелдік сапарларды кейінге шегеруге кеңес береміз, – деді Әлия Нұрмағамбетқызы.

Мамыр айынан бастап коронавирус инфекциясы бойынша көрсеткіштің төмендеу тенденциясы байқалды. Әйткенмен соңғы 3-4 күнде орта есеппен 15-25 дерек анықталуда. Облыста тіркелген ошақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, індетке қарсы, профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.
23 маусым 2021 ж. 794 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 192

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 128

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031