Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша пайда болады

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша пайда болады

Үкіметте кәсіпкерлік қызметті жеңілдетуге, соның ішінде жеке кәсіп ашуға және жабуға, салықтарды есептеу мен төлеуге, салық есептілігін толтыруға арналған электронды е-Salyq-Business мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес «e-Salyq-Business мобильді қосымшасын енгізу» тақырыбына арналды.
Мобильді қосымша онлайн режимде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, салық есептілігін қалыптастыруға/жіберуге, салық төлеуге, хабарлама/анықтама алуға, төлемдерді басқаруға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді алуға мүмкіндік береді. 
Әзірлеушілер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуді, салық есептілігін толтыру мен ұсынуды, кірістер мен салықтардың есебін жүргізуді автоматтандырды. «Е-Salyq-Business»-ты пилоттық түрде іске қосу осы жылдың шілде айына жоспарланған. 
Бірінші кезеңде қолданушылар саны шамамен 100 мың адамды құрайды деп күтілуде. Ә. Смайылов адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын, оның ішінде салық міндеттемелерін орындауды мейлінше жеңілдету қажет екенін атап өтті. Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
04 маусым 2021 ж. 685 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031