Карантиндегі кәсіпкерлер тығырықтан шығатын жол іздеді
Локдаундар кәсіпкерлерді көптеген мәселені қатар шешуге мәжбүрлеп отыр. Бизнесті сақтап қалу, персоналды ұстап тұрудан басқа салық, жалдау ақысы мен басқа да міндетті төлемдерді кейінге қалдыру мәселелері туындады. Талай адамның әлеуметтік тағдырына тікелей қатысы бар мәселелерде мемлекет те қол қусырып қарап қалмады. Қаржылық қолдау сияқты шаралар ұсынылып, Үкімет өңір әкімдіктерімен бірге талқылап отырды. Алайда әлемдегі эпидемиялық ахуалдың беталысы әлі белгісіз... Яғни әлемді уысында ұстаған індет талай іскер азаматты банкротқа ұшыратса, керісінше карантин жағдайында бизнесін жаңа жолға түсіргендер де табылды. Дегенмен іскер орта пандемия салдарынан туындаған қиындықтарды қалай шешіп отыр? Бұл туралы біз кәсіпкер әрі бизнес коуч Құрмет Әубәкіровтен сұрадық.
– Құрмет Маратұлы, пандемия ахуалында біздің кәсіпкерлер қандай қиындыққа тап болды және оны қалай шешті?
– Пандемия Қазақстанның ғана емес, әлемдегі кәсіпкерлердің жұмысына қолбайлау болып отыр. Әсіресе, әлі аяғына тұрмаған шағын кәсіпкерлерге қиын болды. Дегенмен, бізде орын алған қиындықтар басқа елдерде де бар. Әр мемлекет өз әліне қарай кәсіпкерлеріне көмек көрсетуге тырысып бағуда. Мұндай көмек шаралары елімізде де Үкімет тарапынан жүзеге асырылды. Алайда жұқпалы індеттің өршуі ұсақ және орта кәсіпкерлік нысандарын толықтай ашып, жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Меніңше, бизнестің басты қиыншылығы осы. Міне, осы жағдайда, кәсіпкерлер үшін «көтеріліп алудың» маңызды факторы қарапайым пысықтық болды. Бірақ, бұл қасиетті бәрі бірдей дұрыс қолдана алмады. Кәсіпкерлерге қалыптасқан жағдайға бейімделу үшін жаңа бизнес-процестерді қысқа мерзім ішінде құру қажет еді. Біраз компания заман талаптарына сай бейімделе білді де, бизнесінің табысын көріп отыр. 2020 жылдың басты жаңалығы – компаниялар өз қызметін онлайн форматқа неғұрлым тез көшірсе, жұмыстары соғұрлым ұтымды болатын еді. Мысалы, тамақтану саласында жұмыс істейтін компаниялардың көпшілігі дерлік ас мәзірлерін онлайн түрде тартымды қылып ұсынып, тез әрі сапалы жеткізуді ұйымдастыру арқылы бизнестерін сақтап қалды. Өз тауарыңды немесе қызметіңді онлайн құралдары арқылы көркем қылып ұсыну да қазіргі кезде ұтымды сала болып отыр.
– Пандемияның ең қиын кезеңдері артта қалған сыңайлы. Қазір жалпыхалықтық вакцина егу мен түрлі онлайн қосымшалар өмірімізді қауіпсіз етуге бағытталып жатқаны белгілі. Бұлардың кәсіпкерлікке шын мәнінде пайдасы тиді ме?
– Әрине. Барлық нысандардың толықтай жабылып, жұмыс істеуіне болмайтын кезең артта қалды. Бизнеске ұсынылған «Ashyq» қосымшасы адал жұмыс істесе, кәсіпкерлерге заңды қызмет етуге мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, бизнес нысандарының көбісі осы уақытқа дейін астыртын жұмыс істеді. Бұл үлкен тәуекел және заң бұзушылық, алайда соған қарамастан көптеген адамдар оған бел байлады. Қазір бизнеске кем дегенде жұмыс істеуге рұқсат етілген қосымша пайда болды. Бұл – көпшілік жиналатын орындар үшін жақсы жаңалық. Инфекцияның ықтимал қаупін саралауға болады. «Ashyq» қосымшасын қолдану бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, халықтың денсаулығына қолданған қауіпсіздік шаралары екендігін ұмытпау керек.
– Бір сөзіңізде көптеген мемлекеттердің үкіметтері кәсіпкерлерге көмек берді дедіңіз. Ол көмек түрлері қандай болды?
– Ол көмектің түрлері бизнестің ерекшелігіне және мемлекет экономикасының дамуына қарай әртүрлі болды. Меніңше, Қазақстан үкіметі кәсіпкерлерге көрсеткен көмегінде дамыған елдерден артта қалған жоқ. Алайда айта кететін бір жәйт, кәсіпкерлердің көбісі банктер алдындағы несиелері бойынша кешірім немесе жеңілдік беруін талап етті. Бұл мүлдем дұрыс емес. Өйткені банктер де – жекеменшік кәсіпкерлік нысаны. Осыны да ұмытпаған жөн. Банктер мемлекет бақылауында болғандықтан, несиелік демалыстар берілді.
– Керісінше дағдарыстан жаңа жол тапқандарды да көрдік. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлікпен айналысу қаншалықты қолайлы?
– Елімізде бизнес үшін көптеген мүмкіндік бар, бірақ оны сауатты қолдану керек. Бизнесті жүргізе алатын көптеген кәсіпкерлер оны басқара және жүйелендіре алмайды. Біздің елде бәсекелестік өте төмен, дамудың көптеген бағыттары бар. Әр кәсіпкер бизнесті дамытуды үйренуі қажет. Дұрыс даму үшін әртүрлі бағдарламалар бар, мысалы, work and study, азаматтар шетелде бизнес-білім алып, содан кейін қайтып оралып, оны осы жерге енгізе алады. Сондай-ақ business education – бұл қадамдық оқыту, студенттер А нүктесінен Б нүктесіне дейін осы салада білім алады, бұл жалпы әлемдік тәжірибе және осы бағыттар шетелде белсенді дамуда. Отандық кәсіпкерлер осындай бағдарламалар арқылы өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Өйткені технологияның дамуы әлемде бизнес-процестердің де дамып, өзгеруіне әкелді. Бұл үрдістерден артта қалуға болмайды.