Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тындырымды таратушылар

Тындырымды таратушылар

Бір кездері өркениет жаршысы саналған пошта тартатушысына деген ел ықыласы жоғары болатын. Ғаламтормен бірге жеткен байланыс құралдарының арқасында саланың бұл түріне деген көзқарас төмендегендегенін жасыруға болмайды. Елімізде бұл салаға деген сұраныс әлі де өз құнын жойған жоқ. Бұлай деуімізге тындырымды тірлігімен таныс ерлі-зайыпты Ақеділ мен Роза Оңғарлар дәлел деуге болады.
Қазірде ауданда интернет желісі, телефон байланысы жолға қойылғанына қарамай, ақпаратты мерзімді басылымдардан оқу үрдісі жоғалмаған. Оған екі бірдей себеп бар. Алғашқысы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімет екшіленген болса, екіншісі, жасы егде адамдар үшін газет-журналдарды оқу ыңғайлы әрі үйреншікті әдетке айналған.
««Халық» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің таратушылары айтуға оңай көрінгенімен, жауапты жұмыс жүгін қаймықпай көтеріп келеді. Олардың қатарандағы біз сөз етіп отырған бір отбасының отағасы мен отанасы бұл істе кәсібилікпен бірге адамның өз ісіне деген сүйіспеншілігі керектігін айтады.
«Таратушы болу туралы ұсыныс маған ойламаған жерден келді», – деп бастады әңгімесін Ақеділ Құдайбергенұлы. Бұрын көлік жүргізушісі, теміржолшы болып жұмыс істеген ол қысқартуға ұшырап, түрлі маусымдық жұмыстарда жүреді. Алғашында 2017 жылдың ақпанында осында орналасқан жұбайына қолқабыс етуден басталған жауапкершілік бір кезде өзіне жүктелерін білмегенін айтып.
Роза Сейіт аяқ киім фабрикасы, мектеп, «Ақкербез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істегенімен, ұзақ жыл үйде отырады. Араға жиырма жылдан астам уақыт салып, жұмыс тапқан ол әдепкіде қобалжығанымен, жолдасы мен балаларының қолдауы арқасында үйге кіріс кіргізуге қолқабыс етуге бекінеді.
– Бір жолы басшылық әріптесіміз басқа жаққа ауысқанында, менен: «Апай, өзіңіз сияқты бұл жұмысты жалғастыратын жауапты адамды білсеңіз, бос орынға ұсыныңыз», – дегенін естіп, жолдасыма айттым. Күнделікті маған көмегін тигізіп жүрген ол да бұл кезде таратушылыққа біраз машықтанып қалған еді. Көп ойланбай, келісімін берді, – дейді Р.Сейіт.
Газет тасымалдаушысы оңай шаруа емес. Алғаш баспаханадан жеткен газет-журналды санау, бөлу, олардың мекенжайын шатаспай тауып, уақытында жеткізу шыдамдылық пен жауапкершілікті қажет етеді. Тұрғындарға жедел жаңалықты ұсынуда жыл мезгілдеріне орай ауа райының түрлі өзгерістері де өз қиындығын туғызады. Осындай шаруа басында өзгелерге үлгі болып, журналистер жұмысын оқырмандармен таныстыруда күш-жігерін аямай, алғысқа кенеліп жүрген таратушылар мерекеге мереймен жетіп отыр.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
18 мамыр 2021 ж. 501 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031