Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды

«Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасын іске қосып жатыр. Жоба Тәуелсіздікті қазақстандықтардың жеке өмір тарихы, сезімдері мен естеліктері арқылы әр қырынан қарастыру.

Жоба аясында еліміздің тұрғындарына тәуелсіз мемлекетте тұру деген нені білдіретіні туралы өз пікірлерімен бөлісуге шақырылады. Қазақстандықтар қазіргі егеменді дәуірдің арқасында өздерінің жеткен жетістіктері туралы, өмір тарихтарын айта алады.

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Жаңа ғасырдың басында біз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлық арманын орындадық. Сол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқы үшін тарихи ерлік жасады. Қазақстандықтар үшін 30 жыл - жай ғана мерекелік күн емес, бұл – табыстың, рух пен болашаққа деген ұмтылыстың белгісі, - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Аида Балаева барлық қазақстандықты ҚР АҚДМ бастамашылық еткен ауқымды онлайн жобаға қатысуға шақырды.
Жоба қатысушыларына Тәуелсіз Қазақстанның азаматы болу нені білдіретінін айтып беру ұсынылады. Олар өздерінің жеке жетістіктері мен жеңістерімен бөлісе алады, сондай-ақ өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін сезінген сәттерді еске түсіре алады.

Жобаға қатысу үшін өз әңгімеңізді әлеуметтік желілердегі жеке аккаунтыңызда #Qazaqstan30 хэштегімен ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазба форматында жариялау қажет. Сондай-ақ, бейне әңгімені ҚР АҚДМ жобалық кеңсесінің info@30jyl.kz. электрондық мекенжайына жіберуге болады.

Ең әсерлі әрі ерекше оқиғалар, естеліктер республика телеарналарының эфирінде көрстеліп, сондай-ақ БАҚ-та жарияланады.
Жобаның барысы 30jyl.kz – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құрылған арнайы сайтта қадағаланатын болады.



17 мамыр 2021 ж. 538 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930