Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бетперде қымбаттауы мүмкін: Шекті бағаны алып тастады

Елімізде бетперде қымбаттауы мүмкін: Шекті бағаны алып тастады

Қазақстанда мамыр айынан бастап медициналық маскаларға енгізілген шекті баға күшін жояды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі, сауда және интеграция министрі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Осылайша, "Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" қаулыны бекітті.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 15 қазандағы, 2020 жылғы 14 шілдедегі және 2020 жылғы 6 сәуірдегі бірлескен бұйрықтардың күші жойылды. Олар бір реттік үш қабатты медициналық маскалар үшін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеуді көздеген: тиісінше 60 теңге, 85 теңге және 60 теңге.
Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, былтыр пандемия кезінде Қазақстанда медициналық маскалардың тапшылығы байқалып, кей жерлерде тауардың бағасы қымбаттады. Жағдайды тұрақтандыру үшін маскаларға шекті баға енгізуге мәжбүр болды.
22 сәуір 2021 ж. 1 377 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930