Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вакцинация жарнамасына қаражат жұмсала ма?

Қазақстанда вакцинация жарнамасына қаражат жұмсала ма?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вакцинацияның жарнамасына ақша қалай бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта 9 ақпанда коронавирусқа қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілгенін хабарлады. Ол бойынша халыққа COVID-19-ға қарсы вакцинация қажет екені туралы түсіндіру іс-шаралары жоспарланған.
"Сонымен қатар, аталған жоспардағы іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмағанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "Қазақстанда вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының медиа-жоспары" әзірленіп, бекітілгенін айтты. Алайда оған да ақша қарастырылмаған екен.
Алайда 2 сәуірдегі брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали "Алматыда медиа жарнамалық компанияға (қаржы - еск.) салынғанын" айтқан болатын.

"Қазір бұл сұрақ қарастырылып жатыр, қалада вакцинация бойынша жарнамаларды көресіздер, ол жерде: қашан салу керек, қандай жағдайда салдырмау керегі және тағы басқасы түсіндіріледі", - деген еді басқарма өкілі.



21 сәуір 2021 ж. 1 439 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031