Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 8 сәуірден бастап egov.kz арқылы вакцина салдыруға жазыла алады

Қазақстандықтар 8 сәуірден бастап egov.kz арқылы вакцина салдыруға жазыла алады

Қазақстандықтар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға салдыру үшін 8 сәуірден бастап электронды үкімет порталына өтініш бере алады, деп хабарлайды stan.kz

  Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Денсаулық сақтау министрлігі 8 сәуірде "Электрондық үкіметтің" порталында вакцинацияға тіркелу қызметін - іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін азамат электронды үкіметтің порталына тіркелуі қажет болады", - деді Цой.
Авторизациядан кейін қазақстандықтар веб-сайтқа өтініш беріп, өздері тіркелген аймақтағы медициналық ұйымды белгілейді.
"Өтініш бергеннен кейін азамат вакцина салдыруға қолайлы күні мен уақытын белгілеп, өзі тіркелген емханаға баруы керек. Азаматқа вакцина салдыру туралы алдын ала SMS хабарлама жіберіледі", - дейді министр.
Еске сала кетейік, коронавирусқа қарсы вакцинация Қазақстанда 1 ақпанда басталды. Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, екінші кезеңде мұғалімдер мен тәртіп сақшылары вакцинацияланды.
07 сәуір 2021 ж. 2 276 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 30

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031