Карантин бұзғаны үшін салынатын айыппұл "ойға қонымсыз" - Бекшин

"Содан бері екі апта өтті. Қалада коронавирус жұқтыру дерегінің күнделікті өсіп жатқанын ескере отырып, сіз бұл шараларды қаншалық тиімді деп ойлайсыз? Соңғы тәулікте инфекцияның 545 жағдайы тіркелді" деп сұрақ қойды.
"Қазіргі уақытта жүргізіп отырған айыппұл санкциялары "ойға қонымсыз". Сондықтан көп адам жүйелі түрде шектеулерді бұзады. Тіпті екі, үш рет. Бір жыл бұрын айыппұлдың сомасы ақылға қонбайды деп бағалаған болсақ, қазіргі уақытта карантин шараларын бұзатын кәсіпкерлер айыппұл сомасын біле тұра, заңбұзушылықтарға барады", - деп жауап берді Бекшин.