Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұл үшінші толқын деп ойлаймын" - Сағынтаев

"Бұл үшінші толқын деп ойлаймын" - Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үшінші толқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қала әкімі "Алматы" телеарнасындағы онлайн-трансляцияда қалада ауру жұқтыру статистикасы коронавирустың үшінші толқыны дегенді білдіре ме деген сұраққа жауап берді.
"Бұл үшінші толқын деп ойлаймын. Былтырғыға қарағанда, тәулігіне 250-270 адамнан ауру анықталған еді. Бүгінде 510, кеше 450 болған. Сөзсіз, жұқтыру жағдайы бар, бірақ ол біздің қаламызда анықталған жаңа штамдарға байланысты. Қала ашық, ел ашық. Халық іссапарға барады, шаруасымен жүреді, бізге де келіп жатыр", - деді Сағынтаев.
"Сондықтан, бұған дайындалуымыз керек, жағдай күрделі екенін бәріміз жақсы түсінуіміз керек. Сақтанудың барлық шарасын ұстануымыз керек", - деді әкім.
"Кейінгі кезде жұрт маска тақпай жүргенін байқап жүрміз. (...) Шаршау бар сияқты, таза ауада демалғысы келеді, бірақ болмайды. Бұл вирус бізден тез арада кетіп қалмайды. Біз бұл ауру көп уақытқа қалатынын әрдайым айтып келеміз. Бұл дәрі ішіп, ертең айығып шыға салатын ауру емес", - дейді Сағынтаев.
29 наурыз 2021 ж. 2 146 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031