Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Науқастардың жарақаттары тез жазылып кетеді": Отандық ғалымдар күйікті емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты

"Науқастардың жарақаттары тез жазылып кетеді": Отандық ғалымдар күйікті емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты

 Денесі күйген науқастарды емдеу уақыты 1,5 есеге қысқарады. Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары сиырдың қарнынан коллагенді таңғыш жасау тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Хабар 24.
Күйікті тез емдейтін өнімнің қажеттілігі туралы елордалық дәрігерлер бұрыннан ойлап жүрген. 2012 жылы олар Биотехнология орталығына келіп, өз идеяларымен бөліскен. Ғалымдар 3 жыл қатарынан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сиырдың қарнындағы пайдаға аспайтын ішектердің емдік қасиеті бар екенін анықтаған. "Бұл материал уақытша адам терісінің орнын басады. Ол құрғап кетпейді, жарақаттағы суды сіңіріп алады. Инфекциялардың пайда болуына жол бермейді. Қазір біз тәжірибе ретінде бұл өнімді күйік орталықтарында қолданып жатырмыз. Зерттеу нәтижелері өте жақсы. Науқастардың жарақаттары тез жазылып кетеді. Сынақ аяқталғаннан кейін тіркеуден өтіп, бұл өнімді отандық ауруханаларға жеткіземіз", - дейді БҒМ ҒК ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.
Отандық өнімнің бағасы да қолжетімді. Қазір ғалымдар бір мембрананың құнын 4 мың теңгеге бағалап отыр. Алайда өндіріс толыққанды іске қосылғаннан кейін бағасы арзандамақ. Мамандар оның сапасына да баса назар аударады. "Бұл таңғыш II және III деңгейлі күйікті емдеуге жарамды. Біз биоматериалды сатып алғаннан кейін оны бірнеше рет тазартамыз. Ішіндегі ашытқыларды жоямыз. Радиация арқылы зарарсыздандырамыз. Оны 2 рет қаптаймыз. Содан кейін сапасын тағы бір рет тексереміз. Егер бұны жасамасақ, сиырдың ішегіндегі бактериялар қалып қалады. Салдарынан оны пайдаланған науқастың терісінде аллергия шығуы мүмкін. Бұл таңғыштың жарамдылығы – 2 жыл. Оны 4 градусқа қойылған тоңазытқышта сақтау керек", - дейді БҒМ ҒК ұлттық биотехнология орталығының діңгекті жасушалар зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.
Өнімді клиникалық зерттеу жұмыстары жақында аяқталады. Күзде ғалымдар оны Денсаулық сақтау министрлігінің реестрінде тіркейді. Болжам бойынша 2022 жылы бұл таңғыштарды отандық ауруханаларда жаппай қолдануға болады. Кейін маркетологтардың көмегімен көрші елдерге экспорттау жоспарланып отыр.
22 наурыз 2021 ж. 2 339 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930