Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атақты сыйлықтың алғашқы иегері

Атақты сыйлықтың алғашқы иегері

Жексенбі күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Staples Center кешенінде 63-ші Грэмми сыйлығы табысталды. Жылдың басты музыкалық шарасы пандемияға байланысты бір жарым айға кешігіп өтті. Биылғы сыйлық тапсыру рәсіміне қазақстандық жанкүйерлердің көңілі ауып, ерекше ықылас танытқаны жасырын емес. Себебі 14 наурыз күні жергілікті уақытпен түн ауа тапсырылған марапатты ел тарихындағы алғашқы адам болып битмейкер Иманбек Зейкенов еншіледі. Бұл тарихи жағдай қазақ өнерінің әлемдік аренадағы ең үлкен жеңістерінің бірі ретінде есте қалары сөзсіз.

Танымал сыйлық тарихы
Музыка әлеміндегі ең маңызды марапат саналатын «Грэмми» сыйлығын 1958 жылдан бері Американың Ұлттық жазба өнері және ғылым академиясы тағайындап келеді. Сыйлықтың пайда болуына өнертапқыш Томас Эдисонның тікелей қатысы бар.
Алғашқы ұйымдастырушыларға музыка өнерінің Оскары саналатын сыйлықты беру идеясы Томас Эдисонның граммофонды ойлап тапқанына 80 жыл тойлануы кезінде келген. Осыдан «Грэмми» атауы және сыйлық статуэткасының пішіні алтын жалатылған граммофон пайда болды.
1958 жылы бірінші Грэмми марапаттарының салтанатты рәсімін атақты Фрэнк Синатра ашты. Кейінірек ол өзі де осы мәртебелі сыйлықты екі мәрте жеңіп алған. Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалалары арасында Грэммиді өткізу құқығына талас болып тұрады.
2011 жылы сыйлықты тағайындау заңнамаларына өзгерістер енгізіліп, олардың саны 108 ден 78-ге дейін қысқарды.
Музыкалық жанрдың басым көпшілігіне жеке орындау, топтар, жеке әндер, тұтас альбомдарды бөліп қамтитын көптеген санатқа қарамастан номинациялар арасында ең маңызды және жүзден астам марапаттың ішіндегі ең беделдісі саналатын үлкен төрттік бар. Оған «жыл жазбасы», «жыл әні», «жыл альбомы» және «үздік жаңа әртіс» санаты кіреді.

«Грэммидің» жаңа иегерлері
Биылғы марапаттың рекордын әнші Бейонсе қойды. Ол тоғыз аталым бойынша барлығы 28 мүсіншенің иегері атанды. Одан кейін әлемге танымал жұлдыздар Родди Рич, Тейлор Свифт және Дуа Липа үшеуі алты-алтыдан, барлығы 18 «Грэммиді» теңдей бөліп алды.
Жыл әні ретінде әнші Her-дің «I Can’t Breathe» әні танылса, жыл альбомы ретінде бұрындары «Грэмми» мараптын алу бойынша тарихтағы ең жас орындаушы атанып, рекорд орнатып үлгерген Тейлор Свифттің «Folklore» ән жинағы жеңімпаз болды. 2021 жылдың үздік жаңа әртісі ретінде Megan Thee Stallion-ның есімі ­аталды.
Билли Айлиш екі жыл қатарынан «Жыл жазбасы» номинациясын жеңуде. 2020 жылы ол осы категория бойынша «Bad Guy» әнімен жеңімпаз атанса, биыл жас әншінің «Everything I Wanted» шығармасы ең үздік деп танылған.
Алғаш рет Грэммиге үміткер болған Оңтүстік Кореяның BTS тобы өз категориясында жеңіске жете алмады. Ал Канье Уэст «Ең жақсы заманауи христиан музыкалық альбомы» аталымында «Jesus Is King» ән жинағы үшін статуэтка алды.
Қазақстандағы алғашқы Грэмми
Қазір Павлодар қаласындағы Торайғыров атындағы университетте тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша бірінші курста оқитын қазақ баласы айды аспанға шығарып, мұхиттың арғы жағындағы атақты сыйлықтың иегері атанды.
Павлодар маңындағы Ақсу қаласында тұратын Иманбек Зейкенов бұған дейін теміржолда жұмыс істеген. Ал музыкаға бала күнінен хоббиі ретінде қараған.
Иманбек SAINt JHN орындайтын «Roses» әніне ремикс жасағаннан кейін танымал болды. Екі сағатта өңдеп шыққан оның туындысын әлем халқы Youtube-те 234,5 миллион рет тыңдаған.
Иманбек Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинады. Сондай-ақ Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралым жинаған.
Imanbek Remix есімімен танымал дарынды қазақ жігітіне “Үздік ремикс” үшін берілетін Грэммиді Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы табыстады.
“Музыканттың мансабындағы ең әдемі көрініс Грэммиді жеңу болса, біз оны жасадық!» – деді битмейкер өзінің инстаграм парақшасында.
«Анама рақмет, әкеме рақмет, командама рақмет, менеджерім Кирилге рақмет, Грэммиге рақмет», – деді YouTube–те тікелей арнада онлайн форматта сөйлеген жаңа сыйлықтың жеңімазы.

Жасын СҮГІРӘЛІ
16 наурыз 2021 ж. 2 287 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 59

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 38

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 64

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031