Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ішінде 6-орында тұр

Әлемдік рейтингте Қазақстан интернеті ең арзан ТОП-10 елдің қатарына кіреді. Сонымен, 2020 жылы Қазақстан әлем бойынша 6-орынға ие болды. Елде 1 гигабайт интернет үшін орташа есеппен 0,46 АҚШ доллары төленеді. Рейтингте барлығы 228 елдегі баға зерттелген.
Егер Қазақстанда 20 гигабайт интернет үшін тұрғындар орташа есеппен 9,2 АҚШ долларын (3 840,4 теңге) төлейтін болса, көрші Ресейде – 10,3 доллар (4 299,6 теңге), Ұлыбританияда – 27,9 доллар (11 646,5 теңге), Германияда – 81,2 доллар (33 895,9 теңге), АҚШ-та – 160 доллар (66 789,8 теңге), Швейцарияда – 167, 5 доллар (69 920,7 теңге), Грекияда – 241,3 доллар (100 727,5 теңге).