Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері 40-градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы күндері 40-градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 26 ақпанда бұрқасын мен қатты аяз болатыны туралы ескерту жасады. stan.kz

 Еліміздің 11 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді.
Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды облыстарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды.
Сонымен, 26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанға қараған түні кей жерлерде секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Таразда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 26-28 ақпанда тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде 35-38 градустық қатты аяз күтіледі. Қарағандыда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Жезқазғанда 35 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 40 градус қатты аяз күтіледі.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, кей жерлерде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында тұман түсіп, қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Оралда қарлы боран соғады деп күтілуде. Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге жетеді. Атырау облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
25 ақпан 2021 ж. 2 403 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 106

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 108

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031