Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жарап тұр

Жастар жарап тұр

Жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау маңызды міндеттің бірі. Оқушы жастардың ой-өрісін дамытып, бәсекелестікке шыдас берер қабілетін арттыруда ақылға күш салатын интеллектуалды ойын түрлерінің орны бөлек.
Жақында облыстық білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын қамтыған 6-8, 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Облыстық онлайн жарыс lichess.org сайты және ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Бұл Президенттің елімізді бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына қосуды көздейтін «Интеллектуалды ұлт – 2020» атты жобасы жүзеге асып жатыр дегенді білдірсе керек.
Қазақстанда Қызылорданың шахмат мектебі үздіксіз жеңімпаздар қатарынан екенін осы спорт түріне қызығатын жанкүйер жұрт жақсы біледі. Аталмыш жарысқа да Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласынан 36 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Нәтижесінде 6-8 және 9-11 сыныптар арасында Қазалы ауданының намысын қорғаған №16 мектеп-лицей оқушыларынан құралған команда бірінші орынды қанжығаға байлады.
Әди Шүлембаев жетекшілік еткен командада 6-8 сынып деңгейінде 8 сынып оқушысы Бекасыл Аманшаев, 7 сынып оқушылары Нұрхан Қалымбет пен Аяулым Оспан бар. Ал 9-11 сыныптар аралығындағы жарысқа Дарындәулет Рахманберді, Нұрайым Қалымбет, Меруерт Рахманберді қатысқан.
– Пандемиядан кейін шахмат ойындары көбіне онлайн форматқа ауысып кетті. Оған дәлел жақында өткен «Airthings Masters» турнирі. Әлем чемпионы Магнус Карлсен өткізетін бәсі биік бәйге де онлайн түрде өтті. Шахматқа бейім дарын иелері кішкентайынан көзге түседі. Осы облыстық жарысқа қатысқан біздің ұл-қыздар келешегінен көп үміт күттіреді. Болашақта осы оқушылар арасынан «Airthings Masters» онлайн-турнирінде Магнус Карлсеннің өзін жеңген жиырма жасар Даниил Дубов сынды мықты шебер ойыншылар шығуы мүмкін. Ал біз жаттықтырушылар өз кезегімізде осындай оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынның қыр-сырын үйретуге барымызды саламыз, – дейді жетекші Әди Шүлембаев.
36 оқушының арасында озат шығып, бірініші орынды иемденген жас өрендерге Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының арнайы дипломы табысталды.

Жасын СҮГІРӘЛІ
23 ақпан 2021 ж. 2 718 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930