Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылар сенімінен шығамыз

Сайлаушылар сенімінен шығамыз

Жыл басында еліміз үшін маңызды саяси іс-шара өткені баршаңызға белгілі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттары жаңадан сайланды. Сайлаудың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің өзіндік мәні бар. Осы уақыт аралығында елімізде көптеген ауқымды жұмыс атқарылып, қазақ елі әлемдік аренада айрықша орны бар мемлекетке айналды.

Биылғы саяси додада жергілікті мәслихаттардың жұмысын жетілдіруге зор басымдық болды. Сайлауға дайындық жұмыстары ерекше қолға алынып, кандидаттарға праймериз арқылы алдын ала дауыс берілді. Мәслихат депутаттығына белсенді жастар мен әйелдер тартылды. Бұл өзгерістер мәслихаттың белсенділігін арттыратыны анық. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңына сәйкес саяси партияларға дауыс беріліп, нәтижесімен «Nur Otan» партиясы жеңімпаз болып танылды.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың жалғасы іспеттес. «Nur Otan» партиясының ­басты мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылады.
Партиялар жаңадан сайланған мәслихат депутаттығына үміткерлердің тізімін бекітті. Еліміздің саяси өмірінде жаңа тұлғалардың пайда болуы – қордаланған мәселелері көп салаларға серпін беріп, жаңа идеялар алып келеді деп есептеймін.
Қазалы аудандық мәслихатының жетінші шақырылымына 15 депутат сайланды. Олардың 13-і «Nur Otan» партиясының, екеуі «Ауыл» партиясының мүшелері. Депутаттардың құрамы 70 процентке жаңарып, 
оларға экономика, білім беру, теміржол, құрылыс салаларының өкілдері қосылды. Депутаттар қатарында 3 әйел бар. Мандатқа ие болған депутаттар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін.
Депутаттық корпус халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенділік танытуы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында мәслихат депутаттарының жауапкершілігі жоғары екендігі айтылды. Депутаттар Президент тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бірауыздан атсалысып, сайлаушылар сенімін нығайту үшін бар күш жігерін жұмсайды.
Тәуелсіз Қазақстан өркениетті елдердің қатарына кіруі үшін мақсат-мүддеміз ортақ болуы тиіс. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек етсек қана «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы «Мәңгілік ел» мұратына жетеміз. Ең бастысы, халық қалаулысы деген абыройлы атаққа лайық болып, егемен елімізді өркендету жолындағы еңбегіміз арта берсін.

Бақытжан ЖАРЫЛҚАП,
аудандық мәслихат хатшысы

09 ақпан 2021 ж. 2 678 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930