Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің кейбір мешіттерінде жұма намаз оқылуы мүмкін

Еліміздің кейбір мешіттерінде жұма намаз оқылуы мүмкін

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен кездесті.
Бас мүфти коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізді.
Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл аймақта» орналасқан ауылдардағы шағын мешіттерде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қатаң сақталып келеді. Осыған орай аталған мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып жұма намазы өткізілсе - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мемлекеттік санитар өз кезегінде қазіргі таңда «қызыл аймақта» жеті өңір тұрғанын, коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда жұрт жұма намазын мешітте оқыса, адам көп жиналып, әлеуметтік арақашықтық сақтау тәртібі бұзылатынын, салдарынан елімізде науқастар саны өсуі мүмкін екенін айтты.
Жұма намазына рұқсат беру мәселесі Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралуда. Комиссияның нақты нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.
baq.kz

22 қаңтар 2021 ж. 2 593 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 26

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031