Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік денсаулық паспортында жалақыны не үшін көрсету керектігін түсіндірді

Министрлік денсаулық паспортында жалақыны не үшін көрсету керектігін түсіндірді

Бұл мәліметтер міндетті медициналық сақтандыру жүйесі үшін қажет. Жобада пациенттердің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер бары рас.

Алайда, бұл азаматтарды бақылаудың белгісі емес. Бұл мәліметтер міндетті медициналық сақтандыру жүйесі үшін қажет. Бұл ретте бөгде адамдар бұл ақпаратты ала алмайды және ол ашық дереккөздерде жарияланбайды.
– Бұдан әрі Министрліктің ақпараттық жүйелерінде сақталатын деректер электрондық денсаулық паспортын қалыптастыру үшін ғана емес, сондай-ақ жедел, стратегиялық шешімдерді жоспарлау, статистиканы қалыптастыру, медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтерге ақы төлеу және т.б. үшін пайдаланылады. Сондай-ақ аталған тізбеде медицина қызметкерлерінің еңбекақысы туралы деректер, сондай-ақ осы ұйымның нақты шығындары болып табылатын медициналық ұйымның коммуналдық және өзге де шығындары көрсетілген, – делінген ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының ресми хабарламасында.
Сондай-ақ «баланың жынысы» тармағында төрт опцияның, оның ішінде «анықталмаған» және «белгісіз» деген опциялардың болуы пайдаланушыларды алаңдатуда. Ведомствода түсіндіріп өткендей, бұл нұсқалар ауыр автомобиль апаттарынан кейін күйік немесе зақымдану сияқты жарақаттардың ауырлығына байланысты жынысты анықтау мүмкін болмаған кезде қолданылады. Бұл тұжырымдар жүктіліктің ерте кезеңінде, ұрық әлі толық қалыптаспаған кезде де пайдаланылады.
Демек электрондық денсаулық паспорты азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне еш қауіп төндірмейді. Бұл ақпарат арқылы олардың қаржылық жағдайы мен шығындарын бақылау жоспарланып отырған жоқ.
08 желтоқсан 2020 ж. 1 450 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 155

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 172

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031