Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық жастар туған жерді тануға арналған жобаларды қолға алды

Қызылордалық жастар туған жерді тануға арналған жобаларды қолға алды

Қызылордалық жастар туған жерді тануға арналған түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жобалар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. «Jas Otan» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әлішер Қардашов жастардың туған жер тарихын білуге қызығушылығы зор екенін атап өтті. Сондықтан «Jas Otan» жастар қанаты облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып арнайы жобаны қолға алған.
«Сыр өңірінде қазақ тарихында айрықша орын алатын тарихи орындар саны емес. Қасиетті топырақта халқымыздың қадым заманнан бергі сан алуан құпиясы сыр бүгіп жатыр. Осыған байланысты жастарды туған жер тарихын тануға бағытталған игі істерге бірге атқаруға шақырдық. Осы бағытта Жаңақорған ауданы аумағындағы Сығанақ, Сауран қалаларымен танысып қайттық. Қазақ тарихында Сығанақ қаласының алатын орны ерекше. Ол - кезінде қыпшақ даласының айлағы атанған киелі мекен. Одан кейінгі кезекте Ақ орданың бас қаласы атанды», - дейді ол.
Биыл әлемді жайлаған пандемия салдарынан бірқатар жобалар кешеуілдеп қалған. Десе де, алдағы уақытта рухани жаңғыру бағытындағы маңызды жобалар жалғасын табады. «Ендігі кезекте тарихи қалалармен танысу жобасын Қазалы және Арал аудандарында жалғастыруға мән береміз.
Мәселен, Қазалы ауданында оғыз астанасы болған Жанкент шаһары жатыр. Арал ауданындағы Арал теңізі аумағында да қаншама жәдігерлер бар. Бұл жобалар облыстық жастар ресурстық орталығымен бірге жүзеге асырылады», - дейді Ә. Қардашов.

18 қараша 2020 ж. 465 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031