Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысы талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысы талқыланды

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе: мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар. Саладағы жемқорлықпен күрес жайын қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Мөлдір Тәуіпбаева баяндады. Сатып алу рәсімдерінің жүргізілу нәтижелерін толығымен тарқатқан бөлім басшысы салада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық деректері орын алмағандығын мәлімдеді.
Өз кезегінде шаһар басшысы мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталауын қатаң ескертіп, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қалалық құрылыс бөліміндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында қабылданған шаралар бойынша Пакуатдин Шамұратов хабарлады. Пакуатдин Сражадинұлы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне жасалған ішкі талдауларды баяндап, бөлім тарапынан жемқорлықты болдырмауға қатаң бақылау орнатылғандығын жеткізді.
Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған қала әкімі саладағы бақылауды одан әрі күшейтіп, заң бұзушылықтарға жол бермеуді жүктеді. Сонымен бірге басқа да сала басшыларына қарамағындағы қызметкерлерге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда аталған мекеменің бірінші басшысының тікелей жауапкершілігі қаралатындығын баса айтып, жауапкершілікпен жұмыс атқаруды тапсырды.
Комиссия отырысында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының күн тәртібіндегі мәселелер де қаралды. Басқосуда қала көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарының барысынан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Құдайбергенов есеп беріп, есепті мерзімде жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 40 пайызға төмендегенін айтты. Алайда баяндамашының ұсынған мәліметтеріне жеке-жеке тоқталған шаһар басшысы пайыздық көрсеткіш төмендегенімен, олардың ішінде отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы, кісі өлтіру, аса ауыр, ауыр қылмыстар мен есірткі қылмысының өсім алғандығын, жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестердің әлі де тыйылмай тұрғандығын алға тартып, полиция жұмысының нәтижесін сынға алды. Ювеналды полиция қызметіне қатаң бақылау орнату керектігін ескертіп, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ширатуды тапсырды. Учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындар алдында есептік кездесулер ұйымдастыруын талап етіп, қызметін тиісті деңгейде орындамаған инспекторлардың тәртіптік жауапкершілігі қаралуы қажеттігін тапсырды.
Комиссия отырысын қорытындылаған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына қала аумағында қылмыстық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отырған қылмыстарды төмендетуге бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды нықтап тапсырып, атқарылған жұмыстар тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.
syrboyi.kz
21 қазан 2020 ж. 704 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930