Қазақстанда онлайн-дауыс беруге қатысты петиция құрылды

«HAQ» қозғалысының белсендісі Тоғжан Қожалиеваның айтуынша, жақында өткен «Нұр Отан» билеуші партиясының праймеризі болашақ онлайн сайлауға дайындық болды.
- Егер Денсаулық сақтау министрінің қаңтар-ақпан айларында локдаун енгізу туралы соңғы мәлімдемесін ескеретін болсақ, расында бізді онлайн дауыс беруге дайындаған болуы мүмкін, - дейді белсенді. - Осыған байланысты біз мұндай сайлауға қарсы өз пікірімізді білдіргіміз келіп, петиция әзірлеп шығардық. Онлайн-дауыс беру кезінде сайлау құпиясы бұзылады, әртүрлі айла қолдану арқылы бұрмалау жасалып, тәуелсіз бақылау жүргізу мүмкін болмайды - деп есептейді Қожағалиева.
- Әлемде онлайн-дауыс беруді қолданған тәжірибе жоқ. Рас, интернетте референдум өткізу, немесе әртіске дауыс беруде жүзеге асырылып жүр. Ал партия сайылауына немесе заң шығарушы органға сайлау өткізуде әлі қолданылып көрмеген, - деп атап өтті ол. Петицияны қолдаушылар локдаун енгізілген кезде сайлауды Ұлыбритания, Сербия, Оңтүстік Корея секілді ковидтен кейінгі кезеңге шегеру қажет деп санайды. Сонымен қатар, өтініште тәуелсіз exit-poll жүргізуге және сайлаушыларға «Барлығына қарсы» дауыс беруге мүмкіндік беретін талаптар қойылған. Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар сайлауы 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс.