Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ қайыңның құндылығы

Ақ қайыңның құндылығы

Сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі саналатын ақ қайыңның маңызын былай қойғанда, одан алынатын шипалы шырынының адам ағзасына берер пайдасы орасан зор.
Ақ қайыңның бүрінде шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім қанты, С дәрумені және фитонцидтер, глюкоза, фруктоза сияқты көптеген микроэлементтер кездеседі.
Қайың қабығынан ағатын шырынды ішкен пайдалы. Оның құрамында калий, кальций, темір, тағы да басқа құнарлы минералдар бар. Сондай-ақ, қант, кальций оксиді және хош иісті заттар да кездеседі. Ал қандыағаш бүрінің құрамында илік заттар, галла қышқылы, жапырағында глюкозид, кверцетин мен түрлі органикалық қышқылдар бар. Қабығы илік заттармен қатар тритерпеноидтарға, тараксеронға бай.
Ертедегі адамдар емдік мақсатта ақ қайыңның бүрлері мен жапырақтарын, шырынын түрлі ауруға қарсы қолданған. Жасалған тұнба халық медицинасында несеп және өт жүргізетін, қан тазартатын, тер шығаратын дәрі ретінде пайдалынылады. Бүрінен жасалған тұнбаны стаканның төрттен біріндей мөлшерде күніне 3-4 рет, ал жапырағынан жасалған 20 процент тұнбаны жарты стаканнан күніне 2 рет ішеді. Жапырақтарының қайнатындысын қырқұлақ, сүйек қақсау, құяң, шемен, бүйрек ауруларына пайдаланып, арнаулы булау жасап, денедегі қотырды, ұшықты және басқа да тері ауруларына қарсы емге қолданады. Халық медицинасында көктем шығып, күн жылына бастаған кезде қайың қабығын теріп, одан ағатын шырынды пайдалану кең таралған. Қайың шырынында 2 процент қант, кальций тотығы және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, тәбет арттыратын, қан тазартатын, жалпы денсаулықты жақсартып, денеге күн беретін дәрі ретінде де қырқұлақ ауруына қарсы пайдаланады.
Созылмалы гастроэнтерит кезінде, яғни қарын және ащы ішек қабынғанда, қатты іш өткенде қайынның жас бүрін ем етуге болады. Оны қазтабан сабағымен, түймешетен гүлімен, шайқурай тұқымымен, ақбас жусан гүлдерімен қосып араластырады да, осы қоспадан 15 г алып, үстіне 18-20 градустағы жылы жарты литр су құйып, үш сағат тұндырады. Одан кейін оны 10 минуттай баяу жанған отқа қойып қайнатады. Бұл қайнатындыны 2 ас қасықтан күніне 6 рет тамақ алдында ішу керек.
Қайың шырынымен емделу әдістерін де айта кетейік. Шырыннан күніне 1-2 стаканын аш қарынға ішсеңіз бүйрек ауруларының алдын алуға болады.
Теріңіздің тартымды болғанын қаласаңыз күн сайын 4 стақаннан кем ішпеңіз. Емделу курсын бір айға дейін үзуге болмайды. Сол сияқты тамағыңыз ауырса, бұл сусынды кішкентай жұтымдармен ішіңіз. Қайын шербетін қан аздыққа қарсы да күніне 1-2 стаканнан 2-3 рет ішсеңіз болады.
Бұдан бөлек шашыңыздың тез әрі жұмсақ болып өскенін, қайызғақтан құтылуды қаласаңыз аптасына 2 рет қайың шырынымен жуу керек. Көктемгі авитаминоз кезінде қайың шырыны өте пайдалы. Тамақтанар алдында жарты сағат бұрын ішсеңіз жеткілікті. Сонымен қатар балалардың иммунитетін көтеру үшін шырынды күніне 3-4 рет беру қажет.
М.С.ЖҰМАҒАЛИЕВ,
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы»
РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалының тұқымбақ шебері
22 қыркүйек 2020 ж. 2 477 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930