Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі ата-аналар үшін жақсы жаңалықты бөлісті

Білім министрі ата-аналар үшін жақсы жаңалықты бөлісті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының телефон нөмірін жариялады.

"Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды", - деп жазды министр Facebook-те.
Енді ата-аналар өз өңіріндегі білім басқармасының басшысына тікелей хабарласа алады.
Биыл Қазақстанда жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды. Десе де, бастауыш сынып оқушылары үшін мектептерде кезекші сыныптар ашылды. Шалғай ауылдарда да балалар мектепке барып оқып жүр.
Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі форматқа оралу әлі ерте деп санайды. Сол себепті бірінші тоқсанда оқушылар үйден білім алады.
14 қыркүйек 2020 ж. 788 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 172

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031