Қызылордада 7 шілдеде Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады
Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына (Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі, 12, «Бастау» бизнес-орталығының 11-қабаты, 1107-кабинеті) немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
•Қазақстан Республикасының азаматы болу;
•өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
•кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
•өңірде жария тұлға болу;
•кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
•бизнесінің тарихы оң болуы;
•әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
•облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
•Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.
Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.
Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі