Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Діни сауаттылық салғырттықты көтермейді

Діни сауаттылық салғырттықты көтермейді

Бүгінде жастар арасында имандылыққа бетбұрып, намазға жығылу, діни оқу орындарына түсуге талаптану, әлеуметтік желілерден діни топтарға тіркеліп, өз бетінше ислами тұрғыда сауаттанушылар қатары жыл санап артып келеді. Бұған әрине қуанамыз. Себебі жүрегі имандылық нұрына бөленген жан басқаның ала жібін аттамайды, біреуге қиянат немесе қастандық жасамайды. Барынша өзін шариғат үкімі бойынша харам істерден тияды.
Дейтұрғанмен, кейбір түсінбестік жағдайлар көңілге түйткіл ұялатады. Неге Аллаға құлшылық жасап, Жаратушының Құраны мен Мұхаммед пайғамбардың хадисін жанына серік еткен, құбыласын бір бағытқа бұрғандар арасында түсінбеушіліктер туындайды?
Жергілікті мешіт имамдарын мойындамай, оларды мунафикқа балап (екіжүзді), Құдайдан үміті бар, бірақ намаз оқымаған қандасын кәпірге теңегендер діни білімді қандай данышпандардан алды деген сауал көкейде жүрген. Сөйтсек оның екі себебі бар екен. Бірі шекара асып, өзге мемлекеттің діни танымы мен тәжірибесін өзімен қоса жеткізеді. Нәтижесінде сол елдің әдеп-ғұрыптарын, салт-дәстүрін бойына сіңіріп, қайта оралғанда шариғатпен шатастырады. Олар өзімен ғана шектелмей өзге азаматтарды да адастырады.
Міне, шетелдердегі дін жүйесінің осы тұсы бізден барған білім алушы жастарымызға үлкен қауіп. Осыған орай сырт жерден діни білім алуға ниетті тұлғалар үшін ҚР БҒМ аттестациялау шарттары арқылы таңдалуы, сондай-ақ ҚМДБ ұсынысы міндетті болуы тиіс.
Екінші себебі, шекаралық шектеуді таңдамайтын, бірақ көптің көңілін тауып, өмірінің бір бөлшегіне айналған әлеуметтік желі арқылы да қаншама жандар ақпарат алмасып, керегін іздеп, жоғын тауып жатады. Қой терісін жамылған қасқыр секілді пиғылы бөлек, ойы тайыздар осы арқылы да өз дегенін істеп қалуда. Оған діни білімі аз жастарымыз иланып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасын ысырып қойып, өмірінде көрмеген Шейхтың уағызын тыңдап, ішкі түйсіктері улануда. Оның айтқан пәтуаларына көз жеткізбестен құлай беру өзгелер үшін де қауіпті.
Пайдалы, сапалы, әрі сенімді діни білім іздеушілерге елімізде де жоғары немесе арнаулы діни оқу орындары жетерлік. Оның ішінде, ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие дін мен тіл мамандарын қалыптастыру, елімізде және Орта Азияда діни тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу, қоғамның дамуында сапалы жаңа нәтижелерге қол жеткізуді мақсат тұтқан «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін айтуға болады.
Бүгінгі аудан көлеміндегі мешіттерде қызмет етіп жатқан имамдар мен ұстаздар, дін қызметкерлері арнаулы діни оқу орындарын бітірген білікті мамандар. Сол үшін діни білім алғыңыз келсе, алысқа ат терлеткенше, жаныңызда жүрген жандардың білім-білігін үлгі тұтқан тиімді.
Қоғам келешегі – білімді жастар қолында. Сондықтан қазіргі ұрпақ, Қазақстан азаматы деген асқақ аттың беделін төмендетпей, абыройын биіктетуді басты назарда ұстаса дегім келеді.
Е.АСҚАРҰЛЫ
09 маусым 2020 ж. 677 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 74

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 123

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 130

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 93

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031