“Басықара 13-ке” байыпты бақылау қажет
Қазақ халқы қай кезде де табиғатты аялап, оны қастерлей білген. Тұрмыс-тіршілігі дарқан дала төсімен байланыса өрімделгендіктен шығар, оған деген ықыласы ерекше болғаны жасырын емес. Алайда қазіргі Басықара ауылындағы демалыс орнының көрінісі бұның барлығын жоққа шығарады. Олай дейтініміз, салдыр салақтық салдарынан бұл маң қараусыз қалып, қоқысқа толып кеткен.
Әйтеке би кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан Басықара ауылының маңындағы Қазалы халқы «Басықара 13» деп атап кеткен демалыс орнын білмеуіңіз мүмкін емес. Жасыл желекті талмен көмкерілген бұл аумақ тұрғындар үшін демалуға таптырмас орын. Мамыражай мамыр келді дегеннен-ақ мұнда асығатындардың саны артып, күні бойы тоқтаусыз ағылады. Алайда демалыс орнына келуші көпшілік бір нәрсені ескермейтін секілді. Олай дейтініміз өздерімен бірге алып келген азық-түлік қалдықтарын айналаға шашып кетеді екен. Сонан келе тынығатын орын емес, құдды бір қоқыс алаңына айналғандай.
Мұндай масқараны естіп, қол қусырып қарап отыра алмадық. Ондағы көлеңкелі көрініс көңіл құлазытады. Көз сүрінетін қалдықтар көп болғанымен, демалушылар оған мән бермейді. Отырған жерлеріне от жағып, қалдықтарын жан-жағына тастайды да өте шығады. Сонымен бірге демалыс орнына арнайы қоқыс жәшігі мүлдем қарастырылмаған. Жағалай арық қазылып, соның іші қалдыққа толтырылған. Ал оның иісі жақындағаннан-ақ мүңкіп, қолқаны қабады.
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, өзімізге пайдалы орынды күтіп қарай алмаған жұрттың бұл қылығы ой таяздығын аңғартады. Мысалы, жат ел жұртшылығы күн сайын таң атқаннан ауласын тазалап, абаттандыруға атсалысады. Көз көріп тұрған түйткілдің түйінін тарқатуға үн қосатын үлкендер үнсіз болған соң ба, жастар да жата жастанып, бұл мәселенің шешілуіне қауқарсыз. Отырған орнына қолындағы құтысын лақтыра салатындар да осы топтағылар. Осындайда кейбір желөкпелерді көргенде, бүгінгі ұрпақтың табиғатқа жанашырлық, мәдениет мәнінен бейхабар екенін растауға тура келеді. Ащы болса да, бұл мойындайтын шындық. Киелі табиғат мұндай астамшылықты көтермейді. «Басықара 13-ке» тынығуға келген аудан тұрғыны Бақытбек Өтеміспен тілдескенімізде өз уәжін ақтарыла жеткізді.
– Күн жылығаннан-ақ отбасыммен, достарыммен осында серуен құруға үнемі келемін. Өзімізбен бірге жеткізген азық-түліктің қалдықтарын қайтуға таяғанда жинастырып, алып кетемін. Әрбір саналы азамат табиғатты шамадан тыс ластауға болмайтынын ескергені мақұл. Дегенмен тұрғындардың барлығы бірдей емес қой. Егер қатаң тәртіп орнатып, арнайы қоқыс жәшіктерін қойса, мұндай өрескел қателік болмас та еді, – деді.
Сұрастыра келе бұл жердің тиісті құжаттар арқылы демалыс орны болып бекітілмегеніне көз жеткіздік. Оның үстіне су торабына қарасты аймақ саналады деседі. Мұны аудан тұрғындары өз еріктерімен тынығу орнына айналдырып алған. Бүгіндері жұртшылық бұл жерге баруды әдет қылып, қаз-қатар тізілген тал астында демалуды құп көреді.
Ең алдымен тазалықтың өзімізден басталатынын ескерсек, айналсын қоршап, ішкі тазалық жұмыстарына жіті көңіл бөліп, ақылы түрде демалатын орынға айналдырсақ, ішкі туризмді дамытуға таптырмас орын болар еді. Сонымен бірге келушілерге күркелер қойып, көлік тұрақтарын салып, жауапты мамандар бекітсе артық етпесі анық. Немесе мүлдем жан баласы жоламайтындай етіп, қатаң қадағалау жұмыстары қарастырылғаны жөн.

Абзал ЖОЛТЕРЕК