Сақтықта қорлық жоқ

Алайда Президент күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстауды айрықша атап өтті. Енді әрбіріміз «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөзді берік ұстанып, өз денсаулығымыз бен қоғам алдындағы жауапкершілігімізді арттыруға тиіспіз. Барынша карантин режимін қатаң сақтап, көпшілік орындарға топтасуды әлі де доғара тұруымыз қажет.
Баршамызға мәлім, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды. Мақтарал ауданына қарасты 5 ауылдың 1 мыңнан астам тұрғын үйін су басып қалды. 9 елді мекенді су алу қаупі туындады. Осы ретте де мемлекет тарапынан шұғыл қабылданған шаралардың арқасында су тасқынының әрі қарай таралуына жол берілмеді. Президент өз сөзінде табиғат апаты зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда екендігіне мән берді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қысылтаяқ шақта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген қазақстандықтар Түркістан халқына қолдау көрсетіп, жүрек жылуын сыйлауда. Осындай бекем бірлік, мығым тірліктің нәтижесінде кез келген қиындықты еңсеретіндігімізге сенім мол.
Айгүл ЕРІШОВА,
«Балапан» балабақшасның меңгерушісі