Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын қашан тапсырады?

Оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын қашан тапсырады?

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын (ТЖБ) қашан тапсыратынын айтты.

"Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу мерзімі аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер бойынша 4-11 мамыр аралығында өтеді. Жалпы, біз мұның алдында Білім және ғылым министрлігінің №135 бұйрығында 4-8 мамыр деп белгілеген едік. Қазір мерекелік даталарға сәйкес келуіне байланысты 11 мамырға дейін ұзарттық. Аптасына бір сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11-15 мамыр аралығында және 1-10 сыныптарда тоқсандық бақылау, сонымен қатар 11-сыныптарда бақылау жұмысы 18-22 мамыр аралығында өтеді. Жалпы, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының барлығын мұғалімдер өздері өткен тақырып бойынша дайындайды", – деді Майра Мелдебекова онлайн-сұхбат барысында.
Оның айтуынша, оқу пәндері бойынша 1-10 сыныптарда жүргізілетін жиынтық бақылау кестесін әрбір білім беру ұйымы жеке дайындайды. "БЖБ өткізу уақытын 20 минут, ТЖБ уақытын 40 минут деп белгілеп отырмыз. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларымыз жас ерекшеліктеріне қарай, технологияларды әлі де толық меңгермеуіне байланысты уақыт шектелмейді. Ата-аналарға да, оқушыларға да айтарымыз, қазіргі сабақ барысы, қашықтан оқыту жүйесі қалай өтіп жатса, БЖБ да, ТЖБ да солай өтеді", – деді комитет төрағасы.


27 сәуір 2020 ж. 957 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 144

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031