Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші сынып оқушыларына күндізгі ұйқыны ұйымдастыру керек - Жандарбек Бекшин

Бірінші сынып оқушыларына күндізгі ұйқыны ұйымдастыру керек - Жандарбек Бекшин

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин оқушылардың күн режімін қатаң сақтауға шақырды, хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оқушылардың күн режімі мәселесіне назар аударғым келеді. Әрине, мектепке баратын уақытта, балаларды күн режімін орындауға дайындауымыз керек», - деді Бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде.
Режім деген ұғымға іс-қимылдың, демалудың және тамақтанудың барлық түрлерін тәулік бойы ұйымдастыру және бөлу кіреді. Кез келген ретсіздік баланың денсаулығына, яғни көңіл-күйіне, сабақ үлгеріміне әсер етеді. Атап айтқанда, оқушының денсаулығына ұйқы, тамақтану және қозғалыс белсенділігінің ықпалы зор.
«Баланың жас ерекшелігіне қарай ұйқысы қануы керек. Оқушылар үшін түнгі ұйқының шамаланған нормасына тоқталсақ, 1-4-сыныптарда 10-10,5 сағатты, 4-7-сыныптарда - 9,5-10 сағатты, 8-9-сыныптарда - 9-9,5 сағатты, сондай-ақ 10-11-сыныптарда - 8-9-сағатты құрауы керек», - деді ол.
Ж. Бекшиннің сөзіне қарағанда, оқушыларға емтихан алдында, бақылау жұмысының алдында және басқа да ақыл-ой жүктемесі кезінде әдеттегі ұйқы уақытын (кемінде 1 сағатқа) ұзарту көзделген.
«Бірінші сынып оқушыларына мүмкіндігінше күндізгі ұйқыны (2 сағатқа созылатын) ұйымдастыру ұсынылады», - деп нақтылады ол.
Белгілі болғандай, 2-2,5 сағатқа ерте оянып, ұйқысы қанбайтын балалардың сабақтағы белсенділігінің деңгейі 30 пайызға төмендейді.
24 шілде 2018 ж. 1 416 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031