Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр адам білуі тиіс әдеп ережелері

Әр адам білуі тиіс әдеп ережелері

Этикет – он тоғызыншы ғасырдың еркелігі емес, әр адамның бойында болуы тиіс қасиет.
Этикет негіздері айтарлықтай күрделі дүние емес. Бұл – сөйлеу мәдениеті, сыпайылық, әсемдік және өз эмоцияларын билей білу. Бұның бәрі әйелдерге де, ерлерге де ортақ заңдылық. Қазіргі заманда білуге тиіс әдептілік ережелерін алдарыңызға ұсынамыз:
Егер сіз біреуді кездесуге немесе бір жерге отырып тамақтануға шақырсаңыз, бұл – отырысты ақшалай өзіңіз көтеретініңізді айтқан есеп. Ал бір жерге отыруға ұсыныс жасасаңыз, әркім өз басына төлейді.
Қонаққа алдын-ала қоңырау шалусыз бармаңыз. Үй иелерінің қолы бос па, қонақ күтуге көңіл-жайы бар ма – біліп алғаныңыз дұрыс.
Қоғамдық орындарда үстелдің үстіне смартфоныңызды қоймаңыз. Бұл сіздің өміріңізде телефоныңыздың рөлі үлкен екенінің белгісі. Қасыңыздағы адамның әңгімесін мұқият тыңдап отыруыңыз керек. Ол сөйлеп отырғанда телефонға үңіліп, Instagram лентасын ақтарып отырсаңыз оның ренжуі мүмкін.
Ер адам әйел адамның сөмкесін тасымауы тиіс. Ал әйел адамның пальтосын тек киім шешетін орынға дейін ғана апаруға болатынын біліп жүріңіз.
Егер сіздің қасыңыздағы адам сізге бейтаныс кісімен амандасса, сіз де тоқтап, сәлем беруіңіз керек.
Мейрамханаға ер адам бірінші болып кіруі тиіс. Бұл арқылы метрдотель (мейрамханадағы бас даяшы) тамақтануға шақырған адамның кім екенін және кім төлейтінін біледі. Бірақ, егер есіктің алдында швейцар (есік күзетшісі) күтіп алса, ер адам әйел адамды өткізіп жіберуі керек.
Әйел атаулыға рұқсатсыз қол тигізбегеніңіз жөн. Қолын алып, әңгіме кезінде қолыңызды тигізіп, итеріп немесе шынтақтан жоғары ұстамаңыз. Тек қана жолдан өтетін кезде немесе көлікке кіріп-шығу кезінде рұқсатсыз көмектесуіңізге болады.
Егер сізді біреу тұрпайы түрде шақырса («Әй! Оу!» деп) оған қарамағаныңыз, жауап бермегеніңіз жөн. Алайда, оған дәріс оқып, әдептілік сабағын беріп, тәрбиелеудің қажеті жоқ. Одан да үнсіз ғана сізді үлгі ретінде көретіндей етіп өзіңізді ұстағайсыз.
Әтірді себу кезінде көп сеуіп жібермеуге тырысыңыз. Егер кешкі уақытта әтіріңіздің иісін сезсеңіз, онда айналаңыздағы адамдар тұншығып жатқанына күмәнданбаңыз. Бір-екі рет себуіңіз де жетерлік.
Тәрбие көрген ер жігіт әйел адамға құрметпен қарай біледі. Басқаша көзқарас ондай ерде болмайды. Әйел адамның қасында ер адамдар тек рұқсатпен темекі шегеді.
Бір жерге кіргеніңізде дәрежеңіз қандай болса да (бастық, академик, үлкен кісі не оқушы) бірінші болып амандасуға тиіссіз.
Сәнді қуып жетуге тырыспаңыз. Өзіңіздің талғампаздығыңызды тәрбиелеңіз. Стиль атаулыны тапсаңыз, сәнге қарай киіну оңай болады.
Егер бір ағаттық жіберіп, ренжіткен адам сізді кешірген болса, сол мәселені қайта қозғап, қайта кешірім сұраудың қажеті жоқ. Болашақта ондай қателіктерді жібермеуге тырысыңыз.
Қоғам ортасында жүріп қатты күлу, дауыстап сөйлеу, есіру және жұртқа безеріп қарау – әдепсіздік екенін есте сақтап жүріңіз.
Жақындарыңызға, туыс-тумаластарыңыз бен достарыңызға алғыс айта біліңіз. Олардың кез келген жағдайда сізге көмекке келуге дайындығы міндет емес, сезім білдірушілік, бауырмалдық деп түсініңіз және бұл рақмет айтуға тұрарлық екенін ұмытпаңыз.
Фариза ӘБІЛОВА
islam.kz
13 ақпан 2018 ж. 5 440 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930