Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күніне 130 қоңырауға жауап береді

Күніне 130 қоңырауға жауап береді

Төтенше жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қашықтан үйден жұмыс істеуде. Олар күніне толассыз соғылған қоңырауларға тиянақты жауап беріп, тұрғындардың өтініш-тілегін орындайды. Сондай жандардың бірі – Ардақ Есіркепова. Ол халыққа қызмет көрсету орталығы Қазалы ауданындағы бөлімінің маманы.
Ардақ Едігеқызының осы салада еңбек етіп жүргеніне он жылға жуықтаған. Ол Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінен заңгер мамандығын алған. Тәжірибелі маман үйден жұмыс істеудің әсерімен бөлісті.
– Аса қиындығы жоқ. Республика бойынша қызмет көрсететін болғандықтан қоңыраулар өте көп. Күніне 120-130 қоңырауға жауап беремін. Барлығы ұйымдастыруға ­байланысты. Өз ісіңді біліп тұрсаң, жұмыс та жылдам жүреді. Халық көбіне жеке куәлік, бала тууына байланысты жәрдемақы, онлайн ЭЦҚ алу, емханаға тіркелу, техникалық паспорт, төтенше жағдайға байланысты тағайындалған әлеуметтік көмекті қалай дайындау жөнінде, тағы басқа да көптеген сұрақтармен жүгінеді, – дейді маман.
Оның айтуынша, үйде жұмыс істеу қолайлы болмаса да, қазіргі жағдай соны талап етеді. Алғашқы күндердегідей емес бұған да тәп-тәуір үйреніскенін жасырмады.
– Бастапқы кезде таңғы 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істедім. Қазір 9-дан түскі 16:00-ге дейін түскі үзіліссіз қоңырауларға жауап беремін. Біздің Сall-орталықтарында 1414 бірыңғай байланыс жұмысын күшейту мақсатында екі ұялы телефон келді. Оның бірі – менде, екіншісі – әріптесім Гүлнәр Шыныбаевада. Алдағы уақытта тағы да арнайы ұялы телефондар жеткізіліп, бірнеше маман халыққа қызмет көрсетпек. Қиын сәттерді елмен бірге еңсереміз,– дейді Ардақ Едігеқызы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 сәуір 2020 ж. 715 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031