Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мыңның орнына қандай жәрдемақы беріледі?

21 мыңның орнына қандай жәрдемақы беріледі?

Көп балалы аналарға арналған бірыңғай жәрдемақы жүйесі 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап жүзеге асуы тиіс. 21 мың теңгенің жыры аяқталмай жатып, әлеуметтік саясаттың жаңа бір дастаны басталды. Енді үкімет Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін өзгертпек. Яғни көп балалы аналар жыр болған 21 мың теңгеге бұдан былай үміт арта алмайды. Десе де отбасының табысына қарамастан бала санына қарай жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Көп балалы аналарға арналған бірыңғай жәрдемақы жүйесі 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап жүзеге асуы тиіс. Бұл әзірге үкіметтің жоспары. Парламент палаталарының батасын алып, президент қол қойса, жаңа жылдан бастап 42 жарым мыңнан 73 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленбек. Оған 320 млрд тг қарастырылып отыр. Әңгіменің екінші қыры осы ақшалар қарапайым халыққа дейін жете ме? Сонымен алдағы жылдың басынан үкімет көп балалы аналарға жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібіне көшпек. Енді көп балалы аналарға табысын дәлелдеудің қажеті жоқ. Бала санына қарай анықтама берсе болды. Мынадай сомадағы ақшалай көмекке иек арта алады. 4 баласы бар отбасыларға ай сайын 42500 тг, бес балаға 53125, алты балаға 63750 және жеті және одан көп баласы барларға 73375 теңгеден төленеді.
Елде қазір 343 мың көп балалы отбасы бар. Оларда шамамен бір жарым млн бала тәрбиеленуде. Аз қамтылған отбасылар енді жыр болған жиырма бір мыңды алмайды. Оның орнын ескіше, яғни 2018 жылға дейінгі төлеу тәртібі толықтырады. Яғни жан басына шаққандағы табыс күнкөріс мөлшерінің 70 пайызына жетпеген жағдайда келесідей төленеді. «Бүгін егер балаларға толығымен 20800 теңге төлеп жатсақ, бұл жерде әр отбасы мүшесіне соның айырмашылығы төленеді. Егер сіздің семьяңызда жан басына шаққанда табыс әр адамға он мың теңгеден шығып тұрса, сізге жетіспеген 10800 тг төленеді», - дейді ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Министрлік осы және өзге де әлеуметтік төлемдерге деп 2020 жылға 320 миллиард теңге қарастырылған. «Тексеру арқылы 73 мыңнана астам жанұяда өздерінің шынайы табыстарын жасырып, заңсыз АӘК тағайындауға қол жеткізген. Сонымен қатар өздерінің кәсіптерінің бар екенін бизнестерін жасырған фактілер де орын алған. Мен бір-екі мысал келтіргім келеді. Мысалы Алматы облысында бес балалы жанұя АӘК маусым айында тағайындады. Бірақ тексеру барысында бұл отбасыда үлкен мал шаруашылығы бар. 852 мал басы бар шаруашылық айқындалды», - дейді ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Жағдайы төмен қараша жұрт таршылықтың тауқыметімен биыл біраз бас көтеріп, билікке талап қойып еді. Обалы нешік, оларды масыл, сұраншақ, осыларға неге біздің есебізден жәрдемақы төленуі керек деушілер де болды. «Біз халықты жалқау қып аламыз, мемлекетке қарап күн көреді деген ешқандай зерттеумен негізделмеген пікір бар. Және де бұл пікірді көбінесе шенеуніктер айтып жатыр», - дейді социолог Серік Бейсенбаев.
«Көп балалы аналарды масыл деп те атап жатқандар бар. Бұған біз үзілді-кесілді қарсымыз. Келіспейміз, себебі осы астана бойынша да қаншама көп балалы отбасының тұрғылықты жерін көрдік көзімізбен. Ешбір көп балалы отбасы үкіметке қол жайып маған бер деп сұрап жүрген жоқ. Бәрі де өздерінің қара еңбегімен күн көріп жүр», - дейді 8 баланың анасы, ҚР еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі Ақтоты Нұрғалиева.
Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева көп балалы аналар мен жас отбасылар үшін баспана алудың жеңіл жолын ұсынды. Яғни ипотеканың бастапқы 10 пайыздық жарнасын алып тастасын дейді. «Жастар, жас отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектелген балалар және көп балалы отбасылар. Оларға сондай бағдарлама болса, және үкімет "Жилстройбанкқа" қанша ақша керек, соны берсе. Біздің отандастарымыз қиналмайды», - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева. Әзірге қиналып жүргендер көп. Мемлекет ұрпақтың келешегі үшін әлеуметтік көмектен аянып қалмауы тиіс, бұл стратегиялық міндет дейді сарапшылар. Себебі отбасыдағы әрбір бала, елдің ертеңгі тағдырын арқалайтын азаматы.

15 қазан 2019 ж. 1 060 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930